Qazaqsha | Русский
Almaty qalasy mektepteri
» » №70 ЖББМ бойынша «Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбында өткізілген іс-шаралар

№70 ЖББМ бойынша «Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбында өткізілген іс-шаралар

Qosyldy: 26.11.18
Аvtor: admin
Rubrika: Aqparat
Pikirlerи (0)
№70 ЖББМ бойынша «Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбында өткізілген іс-шаралар"Бала құқығы - адам құқығы”  атты іс-шара құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды. Оған мектеп оқушылары түгел қатысты. Әрбір сыныпта “Бала құқығы - асыл қазына” атауымен тәрбие сағаттары өткізіліп, оқушыларға өздерінің құқықтары жайлы кеңінен мәлімет берілді.Мектебімізде 9-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен  «Бала құқығы —  асыл қазына тақырыбында  ашық линейка І ауысым мен ІІ ауысымда өтті.Сонымен қатар, қазақ тілі мұғалімі Әзиева А.А. мен бірлестік жетекшісі Олжабаева Ж.М. –ның ұйымдастыруымен «Бала-біздің бақытты болашағымыз» атты эссе байқауы өткізілді. Сондай-ақ, 9-10 сынып оқушылары арасында  «Біздің құқықтарымыз бен міндеттеріміз» тақырыбында жоғары деңгейде тағылымды шара өткізіп, бейне-фильм көрсетілді.       Мектебімізде мектеп инспекторымен арнайы кездесу өтті. Кездесу  барысында оқушыларды толғандырған сұрақтарға толымды  жауап қайтарып, өзара пікір алмасылды. Жасөспірімдер инспекторы қойылған сұрақтарға өз атынан «Сенің құқығың — менің құқығым» атты  парақшалар таратты.            Апта соңындағы,  Сағидуллина А. Ж. ұйымдастыруымен өткен «Адам құқығы  бала құқығын қорғаудан басталады» атты дөңгелек үстелде   5- сынып оқушылар осы кезге дейін алған білімдерін ортаға салып,  ерекше белсенділік танытты.Өткізіліп отырған шараның аса маңызды екендігі белгілі. Өйткені, осы шара барысында оқушылар құқық және қауіпсіздік туралы өз білімдерін жетілдіріп, өмірде болсын, жол қозғалысында болсын абай болуды үйреніп қайтты.