Qazaqsha | Русский
Almaty qalasy mektepteri
» » Біздің жұлдыздарымыз Лондонға жол тартты

Біздің жұлдыздарымыз Лондонға жол тартты

Qosyldy: 05.08.19
Аvtor: admin
Rubrika: Aqparat
Pikirlerи (0)

Edustream  компаниясымен Түрксіб ауданы әкімшілігі, Нұр Отан партиясының қолдауымен Түрксіб ауданындағы көп балалы және тұрмысы төмен отбасы балаларына арналған Open Mind әлеуметтік  жобасы  аясында ағылшын тілін оқыту үдерісі ағымдағы жылдың қаңтар мен мамыр айлары аралығында жүргізілді. 

Жобаның өтіліу барысында білім алушылар ар тараудан кейін тест сынақтарын тапсырып отырды, жоғары балл жинаған балалар іріктеліп «Ағылшын тілінің менің болашағымдағы орны» деген тақырыпта эссе жазды. Іріктеу кезеңінің соңғы сатысы ауызша жүргізілді. 

Аталмыш жобада үздік үш оқушы Edustream  компаниясы қолдауымен Англияға тегін жолдама ұтып алды.  Англияға тегін ұтып алған оқушының бірі №107 лицейдің  7 «Б»  сынып оқушысы Аблезова Аяулым. 

Аяулым ағылшын тілінде еркін сөйлейді, оқу озаты, көшбасшылық қабілеті жоғары оқушы. Қазіргі таңда Англия мемлекетінде білімін жетілдіруде.