Qazaqsha | Русский
Almaty qalasy mektepteri
» » Алматы қаласының Алатау ауданында жаңа мектеп ашылды

Алматы қаласының Алатау ауданында жаңа мектеп ашылды

Qosyldy: 01.09.19
Аvtor: admin
Rubrika: Aqparat
Pikirlerи (0)
Бүгін Алматыда Алатау ауданында 600 балаға арналған бір мектеп және әрқайсысы 500 орындық үш жеке мектеп ашылды.
 
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жаңа оқу жылының басталуымен мұғалімдерді, оқушыларды және олардың ата-аналарын құттықтай отырып, қалада мектептер мен балабақшаларда орын тапшылығы мәселесін шешу үшін жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Ағымдағы жылы 9 мектепте сейсмикалық күшейтумен күрделі жөндеу жүргізілді (№14, 114, 18, 25, 153, 125, 40, 143, 49). Оның ішінде 5 мектепте (№14, 18, 153, 143, 49) жөндеу жұмыстары 1 қыркүйекке дейін аяқталды. Тағы екі мектеп 2019 жылдың қазан-желтоқсан айларында, қалған екеуі 2020 жылы оқушы қабылдайды. Сонымен қатар, Түрксіб ауданының "Колхозшы" ықшамауданында 600 орындық Әуезов ауданының "Мамыр" ықшамауданында 1200 орындық мектеп құрылысы жүргізілуде.
Сондай-ақ, әлеуметтік жауапкершілік аясында №140 мектепке жапсарлай 300 орындық мектеп салынады. Бұдан өзге 1717 балаға арналған №61, 123, 164, 172 мектептерге жапсарлас құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
640 орындықты 4 мемлекеттік балабақшаның құрылысы жалғасуда (№18, 21 мектеп аумағында әрқайсысы 120 орындықтан, "Алғабаста" 120 орындық, «Жас Қанатта» 280 балаға арналған), әлеуметтік жауапкершілік жұмыстары аясында Бостандық ауданында 150 орынға арналған балабақша салынады. Жаңа оқу жылында Алматыда 260 мыңға жуық бала мектепке барды.
Соның ішінде 30 мыңнан астамы мектеп табалдырығын алғаш рет аттамақ. Аз қамтылған отбасылардың балаларын (2-11 сыныптардан 15 390 оқушы) мектеп формасымен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 260 млн.теңге қаражат бөлінді.