Қазақша | Русский | English
Almaty qalasy mektepteri
Школы города Алматы
» » №182 жалпы білім беретін мектепте Қ.Тоқаевтың жолдауы талқыланды

№182 жалпы білім беретін мектепте Қ.Тоқаевтың жолдауы талқыланды

Qosyldy: 10.09.19
Аvtor: admin
Rubrika: Aqparat
Pikirlerи (0)
Алматы қаласы Алатау ауданы №182 жалпы білім беретін мектепте қыркүйек айының 9-шы күні Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" тақырыбындағы жолдауы ұжым мүшелерімен талқыланды.
Президентіміз өз жолдауында еліміздің Тәуелсіздігін баянды бірлігіміздің арқасында нығайтып,халқымыздың жағдайын жасау арқылы әлемдік кеңістікке шығу қажеттігіне тоқталды. "Қазақстан - ортақ шаңырағымыз! Мен бәріңізді мерейлі мекенімізді өркендетуге үлес қосуға шақырамын!" деген Президентіміздің сенімін ұстаздар қауымы қолдайды және өз үлестерін қосады деген сенімдеміз.