Qazaqsha | Русский
Almaty qalasy mektepteri
» » Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - білімнің қайнар көзі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - білімнің қайнар көзі

Qosyldy: 16.01.20
Аvtor: admin13
Rubrika: Aqparat
Pikirlerи (0)


            Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - әлем елдері мойындаған, көшбасшы, сапалы білімнің қайнар көзі, білікті кадрларды даярлайтын терең білім мен өнегелі тәрбие ордасы. Бүгінде университет білім алушы тұлғаның жан-жақты дамуына, өзін-өзі кемелдендіруне қажетті жағдай жасау үшін бар күш-жігерін салып, студенттік өзін-өзі басқаруға, көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеуге мол мүмкіндіктер тудыруда. Қара шаңырақтың қол астына жиылған жиырма жеті мыңға жуық ізденушінің талабын тауға қарай домалатар жағдайдың барлығы да жасалған. Әрине мұны ғажайып әлем десе де болар, ең бастысы талай бала қыранның қанатын ұштап, қияға самғатқан студенттер сарайы, тарихы тереңде жатқан жеке мұражай, заман талабына сай жабдықталған үш жүз адамдық интернет орталығы – барлығы да студенттердің толыққанды азамат болып шығуына ықпал етуде.


             Спортпен айналысуға барлық жағдай жасалған (ҚазҰУ қалашығының спорт кешені, Студенттердің спорттық клубы, түрлі секциялар, денсаулық топтары, Баландин атында
ғы бассейн орталығы, теннис орталығы). Қызметкерлер мен студенттердің спартакиадасы ұдайы өткізіліп, олардың қалалық жарыстарға қатысуы қамтамасыз етіледі.

            Әрине, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті ауқымды іс-шаралар өткізуден де әрқашан алдыңғы орыннан табылады. Атап айтқанда ректорымыз Ғалымқайыр Мұтановтың бастамасымен іске асырылып отырған “Айналаңды нұрландыр”, “100-Кітап”, “Жасыл кампус” және “Салауаттық – өмір негізі”. Осыған орай факультет деңгейінде, яғни, механика-математика факультетінде “Делай Добро и Оно Обязательно к Тебе Вернется” атты мерекелік іс-шара өткізген болатынбыз. Студенттер аталмыш іс-шараға белсенді қатысып, мерекелік іс-шараның қызықты өтуіне ат салысты. Ашық сабақ барысында ән де күй де шырқалды, сан-алуан көріністер қойылды, студенттер бір-біріне жылы-жылы тілектер айтып, жүректеріне жылу отын ұялатты.

            Осы бастамаларға байланысты, нақтырақ айтқанда елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың қолдауымен Жасыл кампус, яғни университетімізді қала ішіндегі ақылды жасыл қала етудеміз. Олай дейтін себебіміз біздің университетімізде студенттерге керекті заттың барлығы дерлік бар. 

            Сондай-ақ, ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап. Бұл жоба  2012 жылдың басында жастарға, қоғамға ұсынылған болатын. Ол өз елінің тарихын, мәдениетін, рухани құндылықтарын терең меңгерген, әлеуеті биік, мәдениеті жоғары, көзі ашық, көкірегі ояу маман қалыптастыру үшін жастарды кітап оқуға үндеуді күн тәртібіне қойды. яндекс Жобаның мақсаты ҚазҰУ-ға келген студенттердің 100 кітапты оқып шығуы азаматтық борышы екенін сезіндіру. Өзге жоғары оқу орныдарынан ерекшеленетін басымдығы да осы болмақ. Бұл рухани, үлкен жоба. Әр университет өз түлегімен мақтанатынын ескерсек, ҚазҰУ дайындаған кадрлар рухани дүниемен сусындап шықса, мықты маман болары сөзсіз.  

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  

оқытушылары Жусанбаева А.Т., Тілеубай Г.Қ.