Qazaqsha | Русский
Almaty qalasy mektepteri
» » Әл-Фараби мен Қорқыт Ата арасын жалғастырушы...

Әл-Фараби мен Қорқыт Ата арасын жалғастырушы...

Qosyldy: 14.12.20
Аvtor: admin14
Rubrika: Aqparat
Pikirlerи (0)

Үлкен арман мен бала қиялды серік еткен мектеп түлегі үшін Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне оқуға түсу бақытты сәттердің бірі екені рас. Осы мақаланың авторларының бірі  де мектеп қабырғасында жүріп, болашағын қасиетті қарашаңырақ есептелетін ҚазҰУ-мен байланыстырды.  Бала күнінде әдеби салаға жақын болғандықтан, өзінен жақсы адвокат немесе саясаттанушы шығады деп ойлаушы еді. Тарихи тұлғалардың өмірі жайлы оқыған сәтте ел басқармаса да, мемлекет мүддесіне қызмет еткісі келді. Уақыт өте келе, елші атану үшін халықаралық қатынастар мамандығына тапсыру керегін білді, әрине, оның басты талабы  ағылшын тілін меңгеру еді. Алайда, мектеп бітірер сәтте «Алтын белгіні» қорғауға бір ғана балы жетпей, Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетіне «Екі шет тілі» мамандығы бойынша оқуға түсті. Ал ол армандаған ҚазҰУ бірте-бірте көз алдынан алыстай берді. Оқу орнын үздік бітіріп, ағылшын тілінің маманы атанды. Кейін қызметке орналасып, осы салада еңбек етті. Дегенмен оның бала арманы әлі де санасында жаңғыра берді. Сол арман оны тағы да Қазақ Ұлттық университетіне жетелей түсті. Жақын адамдарының қолдауымен, тәуекелге бел байлап, магистратураға тапсыруға шешім қабылдады. Сол сәт ол үшін армандардың орындалатынын тағы бір дәлелдегендей болды. Ол талай мықты түлеп ұшқан, білім мен ғылымның ордасы, мүмкіндіктер мекені – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистранты атанды. 


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – өзіндік салт-дәстүрімен бай, көпжылдық білім саласындағы және ғылыми жұмыстарда тәжірибесі мол бірден-бір жоғары оқу орны. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2001 жылғы 5 шілдедегі Жарлығымен университетке «ұлттық» деген ерекше мәртебе берілді.  Университет QS «World University Rankings 2019/20» халықаралық рейтингісінде 207-ші орынды бағындырып, БҰҰ-ның тұрақты даму жөніндегі «Академиялық ықпал» бағдарламасының Жаһандық хабы мәртебесіне ие. Университет құрамында 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институты мен орталықтары бар, сондай-ақ технопарк қызмет атқарады; 3000-нан астам профессор, доктор, ғылым кандидаттар мен философия докторлары еңбек етеді. Университетте кәсіби білім беру көп сатылы жүйесі бойынша 25 мыңнан астам білімгер мен магистрант білім алуда, оның ішінде 2000-нан астамы әлемнің барлық аймақтарының 50 елінен келген халықаралық студенттері. Университетте әлемнің үздік жоғарғы оқу орындарымен 100-ден астам қосарланған диплом бағдарламалары жүзеге асырылуда. 

Қазіргі таңда студенттер қашықтықтан білім алуда, осы орайда ерекше атап өтетін жайт – университеттің қашықтықтан оқыту жүйесі басқа жоғары оқу орындарына қарағанда қаншалықты ілгері тұрғанын айқын көруге болады. Оқу орнының ғаламторда өзінің жеке жүйесі бар. Жүйеде студенттерге қажетті, әрі керекті ақпараттар үш тілде қазақ, орыс, ағылшын тілінде берілген, тіпті видео түсіндірмелері де жүктелген. Жүйені қолдану өте ыңғайлы әрі керек құжаттарды алуға мүмкіндік жасалынған. Оқу орнының миллиондаған коры бар электронды кітапханасын айрықша айтуға болады. Мұнда студенттерге қажетті  отандық және шетел авторларының құнды кітаптары ұсынылған.

ҚазҰУ ‒ таланттарды тоғыстырған, талай студенттің тұлға болып қалыптасуына ықпал еткен қасиетті мекен. Сол себепті ҚазҰУ-дың магистранты болу ең үлкен сәттілік екені сөзсіз.  


әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
 аға оқытушысы, доцент м.а. PhD, 

Р.Ж. Қондыбаева,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Шет тілі: екі шет тілі мамандығы

курс магистранты  

Нәбиева Айша-Бибі