Qazaqsha | Русский
Almaty qalasy mektepteri
» » АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ 2021 ЖЫЛҒЫ Үздік дене шынықтыру мұғалімі анықталды.

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ 2021 ЖЫЛҒЫ Үздік дене шынықтыру мұғалімі анықталды.

Qosyldy: 01.04.21
Аvtor: admin14
Rubrika: Aqparat
Pikirlerи (0)
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ 2021 ЖЫЛҒЫ Үздік дене шынықтыру мұғалімі  анықталды. 2 күнге созылған  Байқауға 8 ауданнан 8 мұғалім қатысып өз бақтарын сынады. Байқау қорытындысы бойынша  1 орын және 200000 теңге ақшалай сыйлықты Алатау ауданындағы №152 мектеп-гимназиясының мұғалімі Биахметов Саят  иеленді.
2 орын және 100000 теңге ақшалай сыйлықты Түрксіб ауданындағы №44  жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Куманикина Ольга Митрофановна  иеленді. 
3 орын және 50000 теңге ақшалай сыйлықты Жетісу ауданындағы №108 жалпы  білім беретін мектептің мұғалімі Нұғұмар Ренат Кабдулмуталибұлы иеленді.
Номинациялар: 
"Өз ісінің шебері" номинациясын Бостандық ауданы №68 мектептің мұғалімі Оганесьян Ольга Александровна  иеленді.
"Шығармашыл мұғалім" номинациясын Әуезов ауданы 173 мектеп лицейінің мұғалімі Жолдыбаева Жансая Ауезхановна иеленді. 
"Дене шынықтырудың заманауи сабағы" номинациясын Наурызбай ауданы №157 мектептің мұғалімі Алпысбаев Талғат Азтайұлы иеленді.
"Үздік бұқаралық спорттық іс-шара" номинациясын Медеу ауданы №64 мектептің мұғалімі Абдибеков Нұргелді Ерболатұлы иеленді. 
"Қашықтықтан оқытуға арналған үздік сабақ жоспары" номинациясын  Алмалы ауданы №25 гимназия мұғалімі Абдурахмонов Рашид Нарзуллоевич иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Алматы қаласы Білім басқармасы "Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығы" медаль, диплом, кубоктарымен және "Қалалық білім берудегі жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығының" ақшалай сыйлықтарымен және Мектеп спорт Федерациясы директороның уақытша міндетін  атқарушы Ақан Зейнолла  өзінің шынайы тілегін білдіріп жеңімпаздарға федерация атынан арнайы сыйлықтарын табыстаса, 2019 жылдың Үздік мұғалімі номинациясының жеңімпазы Оспангожанова Надира  жеңімпаздар мен жүлдегерлерге өзінің жаттығу залына 1 жылға тегін жаттығу мүмкіндігін сыйлап өз сертификаттарын беріп марапаттады. 

Барша қатысушыларды  және жүлделі орын алған мұғалімдерді шын жүректен құттықтаймыз еңбектеріңіз ақтала берсін.