Qazaqsha | Русский
Almaty qalasy mektepteri
» » Тарихы терең, дәстүрі бай Филология және әлем тілдері факультеті

Тарихы терең, дәстүрі бай Филология және әлем тілдері факультеті

Qosyldy: 05.08.21
Аvtor: admin14
Rubrika: Aqparat
Pikirlerи (0)

Тарихы терең, дәстүрі бай Филология және әлем тілдері факультеті

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, шетел тілдер және  аударма ісі кафедрасының 

 ф.ғ.к., доценті Бекқожанова Гүлнар Қисметоллақызы

аға оқытушысы Әнуар Гүлшат 


Қазақстан Республикасының Алматы қаласында орналасқан әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті QS World University Rankings Results және Top Universities сайтында жарияланған нәтижелер бойынша әлемнің үздік университеттерінің қатарында. 

Қазіргі кезде университет 37 мамандық бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орны және ғылыми-зерттеу орталығына айналды. Университетте екі мыңнан астам жоғары білікті оқытушы жұмыс істейді, соның ішінде 1000-нан астам ғылым докторы мен кандидаты, 100 академик пен елу философия докторы бар.


Бүгінгі таңда Қазақ Ұлттық университетінде 16 факультет бар: Биология және биотехнология факультеті, Шығыстану факультеті, Экономика жәнe бизнес жоғары мектебі, География және табиғатты пайдалану факультеті, Журналистика факультеті, Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, Механика-математика факультеті, Тарих факультеті, Халықаралық қатынастар факультеті, Физика-техникалық факультет, Филология және әлем тілдері факультеті, Заң факультеті, Философия және саясаттану, Медицина және денсаулық сақтау факультеті, Химия және химиялық технология факультеті және Ақпараттық технологиялар факультеті. 

Филология және әлем тілдері факультетіне тоқталып кетсек, факультеттің тарихы терең және дәстүрі бай. Мақтан тұтарлықтай академик-жазушы Зейнолла Қабдолов, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішев, академик Рымғали Нұрғали, филология ғылымдарының докторы, профессорлар Кәкен Аханов, Хайролла Махмұдов, Мая Бағызбаева, Талғат Сайрамбаев, Алма Қыраубаева факультетте ұстаздық қызмет атқарды. 

Филология факультетін бітірген түлектер арасынан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері шықты. Олардың ішінде Мырзатай Жолдасбеков, Әбіш Кекілбаев, Нұрлан Оразалин сынды дара тұлғалар бар. Атақты ақын-жазушылар Әбдіжәміл Нұрпейісов, Әзілхан Нұршайықов, Мұхтар Мағауин, Қабдеш Жұмаділов сынды қазақ руханиятындағы орны бөлек ақын-жазушы түлектерін факультет қашанда мақтан тұтады.

Бүгінде асқақ Алатаудың гүл жайнаған бөктеріндегі ҚазҰУ қалашығында орналасқан факультетте студенттердің білім алуына толық жағдай жасалған. Қазіргі уақытта факультет құрамында алты кафедра болса, соның бесеуі: Қазақ тіл білімі, Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы, Орыс филологиясы және әлем әдебиеті, Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері, Шетел филологиясы және аударма теориясы кафедралары   мамандар дайындау үдерісін жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Шет тілі кафедрасы университет факультетеріндегі әлем тілдерін сапалы оқытуда. Сонымен қатар, факультет іргелі шығармашылық одақтармен, ғылыми зерттеу институттарымен келісім-шарт негізінде тығыз байланыс жасауда. Білімгерлердің мамандану тәжірибелері осынау ғылыми-шығармашылық ортада өтеді.

Филология факультеті бәсекеге қабілетті, білімді де білікті маман дайындауда білім беру, ғылыми зерттеу, өндірістік тәжірибе бағдарындағы 3 бағытты негізге алып келеді. Студенттер жан-жақты дамулары үшін барлық жағдайлар жасалады.