Qazaqsha | Русский
Almaty qalasy mektepteri
» » "Өнер мұражайы"

"Өнер мұражайы"

Qosyldy: 28.10.15
Аvtor: admin
Rubrika: Aqparat
Pikirlerи (0)

Алматыда заманауи өнер мұражайы салынады

27.10.2015 15:40:44
voxpopuli.kz

Қалалық кеңес Алматыдағы заманауи өнер мұражайының құрылысын бекітті, деп хабарлайды AlmatyNews АА-нің тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Өткен сенбі күні Алматының Қала құрылысы кеңесіне меценаттар Бостандық ауданының аумағында халықаралық деңгейдегі Мұражай салу жөніндегі әлеуметтік жобаны ұсынған болатын.

«Museum of Modern Art» ҚҚ-ның осы жобаны жасаушылары туризмнің халықаралық орталығы болып табылатын қаланың беделін одан әрі көтеруді көздепті.

Құрылыс нысаны Ботаникалық баққа жақын аумақта бой көтереді, оған бөлінген жер көлемі 2,17 гектар, әл-Фараби даңғылының солтүстігі. Қалалық кеңес мүшелері айтып өткендей, болашақта салынған мұражай Дендрапарктің дамуына оң ықпал етіп, Ботаникалық баққа енудің кіреберісі болады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінге дейін Ботаникалық бақтан әл-Фараби даңғылына шығатын жол жоқ. Жоба бастамашыларына қойылған басты талап - салынатын мұражай кешенінде заманауи өнер мектеп- студиясының болуы. Оның үстіне жалға берілетін жер сатылмайды және өзінің негізгі сипатын өзгертпейді.

Әкім Алматының білім-ғылым, мәдени орталық ретіндегі мәртебесін одан әрі көтеру туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын жүзеге асыруда болашақта салынатын бұл құрылыстың маңызы үлкен болатынын айтты.

«Қаламызды барынша заманауи және халықаралық стандарттарға сай және тұрғындарға қолайлы ету өте маңызды. Сондықтан біз қаламыздың рухани өмірін жаңғыртуға тиіспіз» - деді әкім.