Qazaqsha | Русский
Almaty qalasy mektepteri
» » Алматы оқушылары «Аман келешек» фестиваліне қатысты

Алматы оқушылары «Аман келешек» фестиваліне қатысты

Qosyldy: 27.09.16
Аvtor: admin
Rubrika: Aqparat
Pikirlerи (0)

Алматы қаласы Бостандық ауданы базасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Ұлт Көшбасшысы қорының ұйымдастыруымен «Аман келешек» ІІІ балалар мәдени-спорттық фестиваль өтті. Биылғы жылғы «Аман келешек» фестивальіне қатысқан 4 мыңнан аса мектеп оқушылары шеберлік сыныптарын тамашалап, түрлі сайыстарға қатысты. Шара аталған қор аумағындағы спорттық-дайындық кешенінде өтті.

«Аман келешек» фестиваль - бұл орта буынды мектеп оқушыларының спорт, мәдени және шығармашылық саласы бойынша тәжірибемен алмасып, білімдерін шыңдайтын, жаңашылықты игеруге ынталандыратын шеберлік-сынып алаңы. «Мен оңтүстік астанамыз Алматыда өтетін осы ауқымды шараға келгендеріңізге қуаныштымын. Бұл ҚР Тұңғыш Президенті қорының ең атаулы әлеуметтік маңызды жобасына айналғанын атап айтқым келеді. Бұл фестиваль тек қаламызды ғана емес республика көлемін қамтитын үлкен жоба. Біз осы фестиваль арқылы өзіміздің тәжірибемізді,білімімізді көтеріп, кейбіреуіміз болашақ мамандықты таңдап жатамыз. »Аман келешек» фестиваліне қош келдіңіздер!,- деді шараны алғы сөзімен ашқан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті –Ұлт Көшбасшысы қорының атқарушы директоры Сағындық Нұраханов. Шараның басты қонақтары болған Қазақстан Республикасына танымал спортсмендері Василий Жиров, Юрий Мельниченко, Илья Ильин, Дарига Шакимова, Максут Жумаев, Назым Кызайбай, Булат Жумадилов. Бірнеше тақырыпта өткен фестивальға қатысушылар «Шахмат»,

«Жекпе-жек», «Киносъёмка» т.б. болашақта өз таңдауларын жасауға септігін тигізетіні

хақ.Фестивальдың мақсаты: Қазақстандағы инклюзивті қоғамды дамыту, мәдениет және спорт арқылы салауатты өмір салтын насихаттау,тәжірибемен алмасу, түрлі салада білімдерін жетілдіру мен қолдау көрсету.