Qazaqsha | Русский
Almaty qalasy mektepteri
» » Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу

Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу

Qosyldy: 28.09.16
Аvtor: admin
Rubrika: Aqparat
Pikirlerи (0)

Бостандық ауданында орналасқан арнайы кәсіптік білім беретін  Алматы электромеханикалық колледжі мен Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде «Діни экстремизм және терроризмді алдын алу» тақырыбында студенттермен  кездесу өтті.


 Кездесуге діни экстремизм бойынша ақпараттық насихат топ мүшелері, жастар ісі жөніндегі комитеті мүшелері және аталған   жоғары, орта білім беру мекемелерінің ұзтаздары мен  студенттер қатысты.


Іс-шара барысына Зерттеу және оңалту орталығының қызметкері   Иванов В., Дін істер басқармасының Зерттеу және оңалту орталығының жетекшісі  Қумашев А.,  Дін істер басқармасының Зерттеу және оңалту орталығының  бас маманы- Құдайкулов Т.,  Дін істер басқармасының Зерттеу және оңалту бөлімінің меңгерушісі қатысты.


Шара барысында  дәстүрлі дінінің негізгі, Қазақстандағы діни ахуал жағдайы туралы сөз қозғалды. Сонымен қатар, Қазақстандағы деструктивті діни ұйымдардың  таралуының себептерін, ғаламтор жүйесінде көрсетілетін  бейне материалдардың зардабы және   Сирияға кетіп қалған қандастарымыздың қазіргі жағдайы туралы түсініктеме берілді.
Сонымен қатар, жоғары-орта білім беру мекемелерінде білім алатын мұсылман жастардың  жұма күндері мешітке намазға баруларының  міндетті емес екенін айтып жеткізді.



Жиын соңында тыңдаушылармен қойылған барлық сұрақтарға жауап беріліп,  Алматы қаласы бойынша қауырт желінің нөмері берілді. Кездесуге жалпы  саны 450 адам қатысты.

В Москве студентам и абитуриентам, всегда можно будет приобрести диплом о высшем образовании, поэтому если надо купить диплом , то можно будет приобрести диплом любого учебного заведения и сразу из студента, превратиться в человека с дипломом о высшем образовании!