Qazaqsha | Русский
Almaty qalasy mektepteri
» » «Діни экстремизмнің алдын алу» №192 мектепте

«Діни экстремизмнің алдын алу» №192 мектепте

Qosyldy: 03.10.16
Аvtor: admin
Rubrika: Aqparat
Pikirlerи (0)

№192 жалпы білім беретін мектепте 03.10.2016 жылы Алматы қаласы Дін істер жөніндегі басқармасы ақпараттық-талдау бөлімінің Наурызбай ауданы бойынша бас маманы С.СБерденов және «Қарағайлы» шағынауданының бас имамы Көкрекбаев Ермек «Діни экстремизмнің алдын алу» туралы оқушыларға дәріс оқыды.

Дәріс барысында оқушыларға «Жалған Жиhадизм» атты қысқа метражды бейнеролик көрсетілді

Дінтану орталығының зерттеу және талдаушысы А.Ш.Кумашев және В.А.Иванов діни экстримизмге қарсы жасалған іс-әрекеттер мемлекет функциясы болып табылатындығы, меншікті қорғау, азаматтардың ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экстремизмнің алдын алу және оны жою себептері мен алғышарттары туралы айтып өтті. AlloEscort.ch

Наурызбай ауданының наиб-имамы Е:Көкрекбаев оқушыларға діндегі әртүрлі ағымдардың айырмашылығы туралы баяндады. Бейбітшілік пен өзара түсіністік, рухани келісім, адамдар арасындағы сүйіспеншілік пен төзімділік пен сабырға шақырды.

Мектеп оқушылары өз ойларын ортаға салып, сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын ала алды.

Наурызбай ауданы әкімінің баспасөз қызметі