Qazaqsha | Русский
Almaty qalasy mektepteri
» » Наурызбай ауданы №186 жалпы білім беретін мектебінің қызметкерлері арасындағы спартакиада

Наурызбай ауданы №186 жалпы білім беретін мектебінің қызметкерлері арасындағы спартакиада

Qosyldy: 01.10.16
Аvtor: admin
Rubrika: Aqparat
Pikirlerи (0)
Наурызбай ауданы №186 жалпы білім беретін мектебінің қызметкерлері арасындағы спартакиада«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» және «Алматы қаласының 1000 жылдығы» мерейтойлары аясында №186 жалпы білім беретін мектебінің спорт залында Наурызбай ауданы құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің арасында спартакиада өтті.

  Наурызбай ауданы бойынша Ішкі істер басқармасы, Мемлекеттік кірістер басқармасы, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы, Наурызбай ауданы әкімінің аппараты мен аудандық медицина бірлестігінен құралған 5 команда «Арқан тартыс», «Дартс», «Қол күрес», «Дойбы», «Гір тасын көтеру», «Тұмақ ұру», «Секірмек», «Доп лақтыру», «Үстел теннисі» сияқты спорт түрлерінен өзара күшсынасты.

  Жарыс қызықты әрі тартысты өтті. Нәтижесінде жалпы командалық есеп бойынша 1-ші орынға Мемлекеттік кірістер басқармасы, 2-ші орынға аудандық медицина бірлестігі ал, 3-ші орынға аудан әкімінің аппараты ие болды.

  Ішкі істер басқармасы мен Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының командасы белсенділік танытып, соңғы орынға шықты.

  Әр спорт түрінен жеке-жеке орынға ие болған командалар мен жалпы жеңімпаз командалар аудан әкімінің «Мадақтама қағазымен» және естелік сыйлықтарымен марапатталды.

  Аталған мерейтой қарсаңында жылдың соңында құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері арасында волейбол және шағын футбол спорт түрлерінен жарыс өткізу жоспарлануда.