Qazaqsha | Русский
Almaty qalasy mektepteri
» » Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Qosyldy: 05.10.16
Аvtor: admin
Rubrika: Aqparat
Pikirlerи (0)

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілдіЕл Тәуелсіздігінің 25 жылдығы,1 қазан «Қарттар күні» айлығы, аясында  Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің  бастамасымен    60-қа  жуық  еңбек майданына қатысушы жалғыс жасты қарттар мен зейнеткерлерге   құрмет көрсетілді.

Аудандағы «Рахат Палас» қонақ үйі  мейрамханасына шақырылған апа-әже, аталарымызға Бостандық ауданы әкімі аппараты мен аталған мейрамхана қызметкерлері аяғынан тік тұріп құрмет көрсетіп, көңілдерін аулады.

Мерекелік көңіл күй сыйлаған шараға қатысқан аудан әкімінің аппаратының әлеуметтік сала бөлімі жетекшісі Дылдыбаева  Дина Болатбекқызы қарттарды құттықтап,аудан  әкімі Б. Торғаевтың  және өз атынан жылы лебізін білдірді. Мерекелік дастархан оқушылардың ұйымдастыруымен  концерттік бағдарламамен  жалғасты.