Qazaqsha | Русский
Almaty qalasy mektepteri
» » Колледжде желтоқсандықпен кездесу ұйымдастырылды

Колледжде желтоқсандықпен кездесу ұйымдастырылды

Qosyldy: 06.10.16
Аvtor: admin
Rubrika: Aqparat
Pikirlerи (0)

Колледжде желтоқсандықпен кездесу ұйымдастырылды2016 жылдың 6 қазан күні, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының 30-жылдығына орай, Алматы гуманитарлы-коммерциялық колледжінде, Әуезов ауданының әкім аппараты мен колледж әкімшілігінің ұйымдастыруымен, жастардың патриоттық тәрбиесіне бағытталған іс-шара өтті. 

Кездесуге желтоқсан оқиғасына қатысушы Күміс Күргенбаева қатысты. Ол 1986 жылғы басынан өткен оқиғаларын жастарға жеткізіп, жастарды елін, жерін сүйіп, патриот болуға шақырды. «Тәуелсіздік – тәңірдің берген тәтті сыйы. Себебі, осы тәуелсіздіктің арқасында біз ендігі даму кезеңіне аяқ бастық. Сондықтан осы еркіндікті әрқашан қастарлеп, қадірін түсіне білу қажет», - деді кеш қонағы.