Qazaqsha | Русский
Almaty qalasy mektepteri
» » Жетісу ауданының жалпы білім беретін мектептерінде «Менің отаным – Қазақстан» атты мерекелік іс-шара өтті

Жетісу ауданының жалпы білім беретін мектептерінде «Менің отаным – Қазақстан» атты мерекелік іс-шара өтті

Qosyldy: 10.10.16
Аvtor: admin
Rubrika: Aqparat
Pikirlerи (0)

Жетісу ауданының жалпы білім беретін мектептерінде «Менің отаным – Қазақстан» атты мерекелік іс-шара өттіЖетісу ауданының жалпы білім беретін мектептерінде (№108, 3, 137, 103, 87, 43, 177, 57) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Желтоқсан оқиғасының   30 жылдығына арналған «Менің отаным – Қазақстан» атты мерекелік іс-шара өтті. Шараға  1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушы азаматтар Отарбаев Кенжебай, Тойболдиева Қульмариям, Жаманбай Нуржан, Абдікадіров Берикбол, Ибраимова Мархаба, Абдуллаев Худайшукур, Молдабаев Әділ, Музаффаров Әлибек, Тойболдиева Айгуль, Аскаров Жамбул, Ергебаева Шара, Нуғманова Ғалия, Абдукалимова Айман, Босманова Үміт қатысты.

 

Мерекелік шара барысында сөз алған желтоқсаншы азаматтар 1986 жылғы басынан өткен оқиғаларын жастарға жеткізіп, жастарды елін, жерін сүйіп, патриот болуға шақырды. Оқушылар желтоқсаншыларға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ой бөлісті.