Qazaqsha | Русский
Almaty qalasy mektepteri
» » Мәнерлеп оқудан сайыс ұйымдастырылды

Мәнерлеп оқудан сайыс ұйымдастырылды

Qosyldy: 10.10.16
Аvtor: admin
Rubrika: Aqparat
Pikirlerи (0)

Мәнерлеп оқудан сайыс ұйымдастырылды2016 жылдың 10 қазаны күні Қазақстан жазушылары кітапханасында, Әуезов ауданы әкім аппараты мен кітапхана әкімшілігінің ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Алматы қаласының 1000 жылдығына орай, «Тәуелсіздіктің тал бесігі – Алматым» атты мәнерлеп оқудан сайыс өтті. 

Ақын, «Серпер» жастар сыйлығының иегері Саят Қамшыгер, Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының президенті, Еларалық «Шалқар» газетінің бас редакторы Жаңыл Әпетова, Қазақстан жазушылары кітапханасының меңгерушісі Елена Ағайса, «Қаламгер» демалыс орталығының жетекшісі Кульчира Нуратаева қазылық етті. 

Мәнерлеп оқу байқауына № 72 жалпы білім беретін мектеп, № 13 мектеп-гимназиясының және Ахмет Байтұрсынов атындағы № 139 мектеп-гимназияның оқушылары қатысты. Мәнерлеп оқуда оқушылар таланттары бірінен-бірі асып, байқау қонақтары мен әділ қазылар алқасының көңілдерінен шыға білді. 

Бұл байқауда № 13 мектеп-гимназиясының оқушысы Мадина Бекболатова бірінші жүлделі орынға ие болды. Ал екінші орында қанжығасына байлаған Ахмет Байтұрсынов атындағы № 139 мектеп-гимназияның оқушысы Ерболат Кеңесов, болды. Үшінші жүлделі орынға № 72 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Мирас Мажит ие болды. 

Байқауда әуезді әуендер шырқалып, байқау қатысушылары мен қонақтарының көңілдерін көтеріп, байқаудың қызықты өтуіне септіктерін тигізді. «Саулем-ай», «Ерке нәз» би тобының қыздары биден шашу шашса, «Риназ» дуэті, «Аяла» тобы және жас өнерпаздар Исламбек Шаймағамбетов, Инаят Әділханова, Димаш Саурық әндер шырқады. 

Байқау өте тартысты болды. Сайыс соңында әділ қазылар алқасының өкілдері сөз сөйлеп, жеңімпаздарды дипломдармен, алғысхаттармен және сыйлықтармен марапаттады.