Qazaqsha | Русский
Almaty qalasy mektepteri
» » «Желтоқсан жалыны жүректен өшпейді»

«Желтоқсан жалыны жүректен өшпейді»

Qosyldy: 08.11.16
Аvtor: admin
Rubrika: Aqparat
Pikirlerи (5)
«Желтоқсан жалыны жүректен өшпейді»№ 30 Балалар кітапханасы мен  № 142 жалпы білім беретін мектебінің  ұйымдастыруы мен «Желтоқсан жалыны жүректен өшпейді» атты кездесу кешін өткіздік. Ғасырлар бойы қазақ даласында болған әрбір оқиға, әрбір шайқас – тәуелсіздікке жасалған бір қадам.Осындай кішкене адымдармен, бірақ оң жолмен, азаттық жолымен қазақ елі армандаған мақсатына келе жатты. Желтоқсан оқиғасы осы бір "соқтықпалы" соқпақтағы ең соңғы ірі қадам болды. "Мың өліп мың тірілген", енді тәуелсіз қазақ өзінің алғашқы демін желтоқсан ызғырығымен алды. Ал 1986 жылғы "Желтоқсан оқиғасы" тәуелсіздіктің, азаттықтың, демократиялық жаңғырудың бастауы болды. Қазақтың жас жігіттер ар-намыс пен елдік рух жолында теңдікті талап етті. Ел мен ұлттың тәуелсіздік хұқын қорғау үшін бас көтерген желтоқсандық жігіттер мен қыздардың бұл қадамы шын мәнінде ерлік еді. Бұл 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі.  Міне, осы қанды оқиғадан кейін бес жыл өткен соң, Қазақстан тәуелсіздік туын тікті. Осыған байланысты кездесуге «Қайсар журек» - қоғамдық бірлестігі ұйымынан келген, Желтоқсанның ауыр күндерінде, елінің ауыр жүгін арқалаған аға-әпкелеріміз қонаққа келіп сол бір ызғарлы, Желтоқсан оқиғасы туралы  оқушыларға айтып берді. «Қайсар журек» - қоғамдық бірлестігі ұйымынан келген, Бөгісов Саветхан, Нұғыманова Ғалия, Қашағанов Нурлан, және Қайрат ағамыздың көзін көрген Кужембаев Қайыркелді ағамыз қатысып тарихтын сол бір беттерін парақтап өттік. Ақпарат көзі: http://almaly.almaty.kz/