Qazaqsha | Русский
Almaty qalasy mektepteri
» » Алатау ауданындағы №82 жалпы білім беретін мектепте боксшы қыз Дариға Шәкімовамен кездесу өтті.

Алатау ауданындағы №82 жалпы білім беретін мектепте боксшы қыз Дариға Шәкімовамен кездесу өтті.

Qosyldy: 05.12.16
Аvtor: admin
Rubrika: Aqparat
Pikirlerи (1)

Алатау ауданындағы №82 жалпы білім беретін мектепте боксшы қыз Дариға Шәкімовамен кездесу өтті.Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық  мерей тойна орай ауданда түрлі шаралар өтуде. Соның бірі осы,- қазақтың маңдайына біткен мақтаныштарының бірі бокысшы,  олимпияданың қола  жүлдегері Дариға Шәкімовамен жүздесу.

  Кездесуге аудан тұрғындары, мектеп оқушылары жалпы саны 150 ден астам халық жиналды. Олар қонаққа өздерінің сауалдарын қойып, жауап алып жатты. Әсіресе мектеп оқушыларына Дариғаның спортқа деген қызығушылығы қай жасыннан басталғандығы, қандай жанұяда дүниеге келгендігі, қыз баласына боксшы болу оңайма?  Ең алғашқы жекпе-жегіңіз есіңізде ме?–деген сияқты сұрақтар қызықтырды. Ал, Дариға Шәкімова өзінің  ең алғашқы жекпе-жегінде канадалық қарсыласы А. Фортинмені 2:1 есебімен ұтып, ширек финалға жолдама алған болатын.  Одан кейін  финалда ол қарсыласы ресейлік Ярослава Якушинаны 3.0 есебімен жеңгені турасында оқушыларға айтып берді.
Жиналғандар  сұрақтарына жауап алып,  кездесуден ерекше әсер алып тарқасты.

 

Іс-шара соңы мектеп өнерпаздарының концерттік бағдараламасымен жалғасын тапты.