Qazaqsha | Русский
Almaty qalasy mektepteri
» » Мүмкіндіктері шектеулі мүгедек балаларға арналған қайырымдылық жаңа жылдық шырша өтті

Мүмкіндіктері шектеулі мүгедек балаларға арналған қайырымдылық жаңа жылдық шырша өтті

Qosyldy: 26.12.16
Аvtor: admin
Rubrika: Aqparat
Pikirlerи (0)
Мүмкіндіктері шектеулі мүгедек балаларға арналған қайырымдылық жаңа жылдық шырша өтті Алматы қаласы Бостандық ауданында № 3 балалар шығармашылығы үйінде «Кедергісіз келешек» республикалық жоба аясында аудан әкімі Б.Н. Торғаевтың атынан  мүмкіндіктері шектеулі мүгедек балаларына арналған жаңа жылдық шырша өтті. Мерекеге жиналған бүлдіршіндерді аудан әкімінің орынбасары Саят Болатұлы Ағыбаев құттықтады. Жаңа жылдық концерттік бағдарламада ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен театрландырылған қойылым көрсетіліп, викториналар мен байқаулар өткізілді. Аяз ата мен Ақшақар мерекенің шырайын келтірді. Олар балалармен түрлі ойындар ойнап,  ән салып, жаңа жылдық  ертегілер еліне саяхат жасады.Мереке соңында мүмкіншілігі шектеулі балалар ертегі кейіпкерлерімен және аяз ата, ақша қармен бірге суретке түсіп, аудан әкімі атынан  тәтті сыйлықтар алды.  Жалпы ауданда 602 мүмкіндіктері шектеулі мүгедек бала тұрады, оның ішінде 160 балаға үйде қызмет керсетіледі. Ақпарат көзі: http://bostandyk.almaty.kz/