Qazaqsha | Русский
Almaty qalasy mektepteri
» » Универсиада-2017 Жабылу салтанаты туралы толық ақпарат белгілі болды

Универсиада-2017 Жабылу салтанаты туралы толық ақпарат белгілі болды

Qosyldy: 06.02.17
Аvtor: admin
Rubrika: Aqparat
Pikirlerи (0)
Универсиада-2017 Жабылу салтанаты туралы толық ақпарат белгілі болды2017 жылғы Универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі дирекция басшысы Наиль Нуров Алматыдағы Қысқы ойындардың жабылу салтанатында көрермендерді нендей қызықтар күтіп тұрғаны жөнінде айтып берді.
- Қазір кеңінен дайындық жүргізіліп, репециялар өткізілуде, - деп атап өтті Наиль Нуров. – Ашылу салтанаты Универсиаданың ең айтулы әрі басты оқиғаларына айналғаны сөзсіз. Біз қонақтармен, спортшылармен, бапкерлермен, делегаттармен тілдесіп отырамыз, олар жоғары бағасын беріп, жылы лебіздерін білдіруде. Қазір жабылу салтанатына үлкен назар аударылып отырғаны да орынды. Өте керемет, думанды мерекені дайындап жатырмыз. Ол көбіне-көп спортшыларға бағытталған спорт мерекесі болады деп бірден айтып қояйын. Хаттамалық бөлім өте мазмұнды өтпек. Сондай-ақ, баспасөз мәжілісі кезінде ашылу салтанатына қарағанда Ойындардың жабылу салтанатының уақыты айтарлықтай қысқа болатыны жайында айтылды. Салтанат 1,5 сағатқа созылмақ.
- Алда келе жатқан Салтанаттың өткізілу барысы туралы құпияның шетін шығарып айтайын. Келесі Ойындарды қабылдайтын Красноярск қаласының дайындап отырған бас белгісі іс-шараның ең қызықты сәттерінің біріне айналмақ. Красноярсктың үлкен делегациясы құрамында қала басшылығы және үлкен шығармашылық топ келмек.
Ұйымдастырушылар Ойындар жабылатын күні қаланың көлік жүйесі өзгерістерге ұшырайтынын да баса атап өтті.
- Кешке қарай кейбір көшелер жабылады. Салтанат жұмыс күніне түсіп отырғандықтан, қала тұрғындарынан жол кептелісіне тұрып қалмау үшін жеке көлікті қолдануды шектеп, жұмысымызды жеңілдетсеңіздер деп өтінеміз. Бұл Универсиаданың соңғы күні болғандықтан, ойындарды жоғары деңгейде аяқтап, тек жақсы әсер қалдырғымыз келеді.
Студенттік ойындардың жабылу салтанаты 8 ақпан күні сағат 19:00-де «Алматы Аренада» өтеді. Ашылу салтанаты кезіндегідей, көрермендер Орталық стадион және ҚБТУ алаңында жиналып, нысанға жеткізілетін болады.