Qazaqsha | Russian
Almaty qalasy mektepteri
» » Мектеп спорт лидерлерінің Съезі өтті

Мектеп спорт лидерлерінің Съезі өтті

Qosyldy: 26.04.21
Аvtor: admin14
Rubrika: Aqparat
Pikirlerи (0)
 
24 сәуірде Мектеп спорт федерациясымен Municipal public public institution Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығы бірлесіп ұйымдастырған Қазақстанның мектеп спорт лидерлерінің Бірінші Сьезі бейне конференция режимінде өтті.
Сьезд жұмысына 50-ден астамделегаттар, сонымен қатар педогогикалық ұжым өкілдері қатысты.
Модераторлар сьезд жұмысын аша отырып, ең үздік спортшыларды дөңгелек столға жинап, олардың спорттағы жоғарғы жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы өздерінің айтуларына мүмкіндік бере отырып, осы жобаның бірегейлігіне ерекше назар аударды және мектеп қабырғасындағы спортты дамыту туралы өз ойларымен бөлісті.
Халықаралық мектеп спорт федерациясының The presidentі (ISF), Халықаралық Олимпиада комитетінің білім беру комиссиясының мүшесі Лорен Петринка өзінің құттықтау бейне үндеуінде бұл жобаны толығымен қолдайтынын, жас спортшылардың еңбегін, жетістіктерін насихаттап, бағалайтынын сонымен қатар мектеп спортын дамыту, оқушылардың спортқа деген қызығушылықтарын арттырудың маңызы зор екенін атап өтті.
ISF басшысы атап өткендей, Халықаралық мектеп спорт федерациясы мектеп спорт лидерлер корпусына үлкен роль атқарады, ол спорт құндылықтарын насихаттауда, спорт тәлімгерлерінің маңызы мен беделін арттыруда нақты құралға айналуы керек.
 Қазақстанның әр облыс мектептерінен жас делегаттар, соның ішінде Әлем чемпиондары, континенталдық чемпионаттардың, халықаралық және республикалық турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері жарқын және қызықты презентациялар жасады.
Пікірталас барысында мектептегі спорт проблемалары туралы ашық көкейтесті мәселелер мен ұсыныстар айтылды.
Сьезд соңында, модераторлар Зейнулла Ақан және Ернар Назаров жас делегаттарды жеке дипломдармен марапаттады.
Мектеп спортының жетекшілерін көптеген басқа да өзекті,маңызды жобалар күтіп тұрғанын ескертті.
 
Мектеп спорт федерациясы