Qazaqsha | Russian
Almaty qalasy mektepteri
» » ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ПАНАМАДА ӨТКЕН РОБОТОТЕХНИКА БОЙЫНША ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ОЛИМПИАДАДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ПАНАМАДА ӨТКЕН РОБОТОТЕХНИКА БОЙЫНША ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ОЛИМПИАДАДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Qosyldy: 14.11.23
Аvtor: admin14
Rubrika: Aqparat
Pikirlerи (0)
Қазақстандық оқушылар Панама қаласында өткізілген робототехника бойынша дүниежүзілік "World Robot Olympiad" олимпиадасында жеңімпаз атанды.
Сайыста 80-нен астам мемлекеттің 10-19 жас аралығындағы 6-11 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты - роботтарды жобалау, бағдарламалау, инженерлік ғылымдар және басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.
Робототехника бойынша дүниежүзілік олимпиаданың қорытындысы бойынша, қазақстандық үш команда жүлдегер атанды. Олар: 2 орын (күміс) «Future Engineers» категориясында астаналық 10-сынып оқушылары Ансар Саурбаев және Амир Карабаев;
3 орын (қола) «Robo Mission» категориясында Астана қаласының 8-9 сынып оқушылары Вагиз Дисембаев пен Жанарыс Капаров;
3 орын (қола) «Future Engineers» категориясында Қызылорда қаласының 11-сынып оқушылары Максим Усольцев пен Дінмұхамед Әбдиев.
Дүниежүзілік роботтар олимпиадасы ең алғаш 2004 жылы Сингапурда 1-ші роботтар сайыс- фестивалі ретінде өткен болатын. Қазақстан аталған олимпиадаға 2014 жылдан бері қатысып келеді.