Qazaqsha | Russian
Almaty qalasy mektepteri
» » UNT барысында бірнеше мәрте бұзушылық жасаған 24 түлектің тесті нәтижелері есепке алынбайды

UNT барысында бірнеше мәрте бұзушылық жасаған 24 түлектің тесті нәтижелері есепке алынбайды

Qosyldy: 07.06.13
Аvtor: admin
Rubrika: Aqparat
Pikirlerи (0)

АСТАНА. 6 маусым. ҚазInformation - Алғашқы үш күннің ішінде UNT 148 тест тапсыру орындарында өткізілді. 71 592 мектеп бітіруші

қатысты (95,5 пайыз). Бірнеше мәрте бұзушылық жасағаны үшін 24 мектеп түлегі аудиториядан шығарылды. Бұл туралы ҚР Білім

және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Аудиторияға кіре берісте 9 763 рұқсат етілмеген заттар алынды, оның 7 482 - тестілеу барысында (ұялы телефондар,

калькуляторлар, фотоаппараттар, рациялар). 24 тест тапсырушының нәтижелері есептелмеді.

Бүгінгі күнге орташа балл - 74,2 құрайды. 2012 жылы - 70,9 баллды құраған болатын.

20 693 мектеп бітіруші түлек (28,9%) 50 балл тиісті межені бағындыра алмады. 7814 мектеп бітіруші (10,9%) 100-ден артық

балл жинады.  2012 жылы - 6 421 (9,2%).

125 балл - ең жоғары көрсеткішке үш түлек қол жеткізді. Олар: Павлодар облысы Екібастұз қаласының дарынды балаларға

арналған №1 мамандандырылған мектеп-лицейінің түлегі Әсел Айткенова, Шымкенттегі М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын

мамандандырылған дарынды балаларға арналған №8 гимназия түлегі Аида Ысқақ және Municipal publicндағы О.Жәутіков

атындағы республикалық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының түлегі Ботагөз Құспанғалиева.

Осылайша, осы жылы аталмыш көрсеткіш былтырғыдан қарағанда жақсарды. 2012 жылы ең жоғары көрсеткішке екі түлек

қол жеткізген болатын.