Qazaqsha | Russian
Almaty qalasy mektepteri
» » Балдырғандар әлемі

Балдырғандар әлемі

Qosyldy: 21.10.15
Аvtor: admin
Rubrika: Aqparat
Pikirlerи (1)

Бір жылдық үзілістен кейін Оқушылар сарайы бүлдіршіндерге есігін айқара ашты. 42 жылдан бері алғаш рет күрделі жөндеуден өткен ғимаратты Municipal publicның әкімі Бауыржан Байбек аралап, ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтады.

Municipal publicның әкімі Бауыржан Байбек Оқушылар сарайына келіп, нысанның құрылыстан кейінгі кейпімен танысты. 1983 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген сарай өзгеше күйге еніпті. Шаһар әкімі оқушылардың өнерін тамашалап, өрелі жастарға ақ жол тіледі. Жеткіншектердің интеллектуалды дамып, кәсіби бағдарлануына мектептен тыс білім беру жүйесі мен тәрбиенің тигізер үлесі ерекше айтылды. Сондықтан педагогикалық ұжымы да балалардың шығармашылық дамуына мол септігін тигізуде. Қала басшысы үздік ұстаздарды төл мерекесімен құттықтап, сыйлықтар табыстады.

"Біздің халқымыз қай заманда болсын ұстаздықты аса абыройлы іс деп санап, ерекше қадірлеген. Teachers шәкірттерді білім нәрімен сусындатып ғана қойMay, оның бойына ең ізгілікті қасиеттерді дарытушы тұлға деп білген. Мен барлық әріптестерімнің атынан баршаңызды төл мерекелеріңіз - мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын”,- деді Municipal publicның әкімі Бауыржан БАЙБЕК.

«Балдырғандар әлемі» деп аталып кеткен үйде оқушылар 6 саланың қыр-сырын үйренеді. Main мақсат - балдырғандардың ғылыми-практикалық бағыттағы біліктілігін арттырып, қоғам талабына сай, бәсекеге қабілетті жеткіншек дайындау әрі балалардың шығармашылық- зияткерлік қабілеттерін дамыту. Оқушылар сарайындағы үйірмелердің бәрі су тегін. Сондықтан да мұнда келетін бүлдіршіндер мен үйірмелердің саны жыл санап артуда.

"Teachers күнінің қарсаңында әкім келіп, Оқушылар сарайын жөндеуден кейінгі ашылғанын көргеніне біз қуаныштымыз. Оқушылар сарайының қайта ашылуы ата-аналар мен балаларға керемет көңіл-кhouseсыйлады. Осындағы ұжым да мекеменің ашылғанын күтіп отырмыз”,- деді Municipal public Оқушылар сарайының директоры Айгүл БАЙСЫМАҚОВА.

Оқушылар сарайын күрделі жөндеуден өткізуге қазынадан 960 млн теңге бөлінген. Қазір оның 700 миллионына жеткіншектер үйінің жартысынан көбі жаңартылған. Қалалық білім басқармасының мәліметінше, күрделі жөндеудің аяқталуы мерзімі - 25 қараша. Ал, қалған қаражат бір ай жарым ішінде жасалатын жөндеуге жұмсалмақ. Нәтижесінде, 12 павильонның 8-і жаңаланды. Енді аумағы 35 мың шаршы метрді құрайтын нысанда өнерлілер еркін машықтана алады.

"1 қыркүйекте ашылады деп жоспарлаған болатынбыз. Жасау барысында қосымша жұмыстар шыққандықтан, үлгермедік. Қазір бөлімдердегі шаруа түгел аяқталды. Тек инженерлік жүйенің жұмыстары қалды”,- деді Алматы қ. білім басқармасының бөлім басшысы Қайрат КҮНШУАҚОВ.


Оқушылар сарайында 100-ден астам мұғалім мен 5 мыңнан аса оқушы бар. Олар 320 үйірмеден 87 бағыт бойынша білімдерін шыңдайды. Бұл сарай - дарындылардың талабын ашып, таланттыларды қанаттандыратын орталық.

Үмбетәлі Меймеш, Арсен Сандыбаев, "Алматы” телеарнасы