Qazaqsha | Russian
Almaty qalasy mektepteri
» » Әр үйге психикалық денсаулық!

Әр үйге психикалық денсаулық!

Qosyldy: 09.10.20
Аvtor: Agida
Pikirlerи (0)


Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай Unicef Kazakhstan тегін психологиялық көмек онлайн-марафонын ұйымдастырады.

10 қазанда (сенбі) сағат 11:00-ден 16:00-ге дейін Facebook-тегі @rspckz және @UNICEFKazakhstan парақшаларында психиатрия және психология мамандықтары бойынша біліктілігі жоғары санаттағы дәрігерлермен тікелей эфир өткізілетін болады. Тәжірибелік психологтар, психиатрлар, наркологтар және педагог-психологтар сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап береді.

Онлайн-марафонға қатысу тегін 🙌🏼

Сіз эфир кезінде тек Unicef Kazakhstan парақшасына кіріп, өзіңіздің сұрақтарыңызды қойып, сарапшылардан қажетті ақпаратты алсаңыз болады 😊

Сондай-ақ, сіз өзіңіздің сұрақтарыңызды осы посттың астына (https://instagram.com/unicefkazakhstan?igshid=my3z11jyr82w), kaz-media@unicef.org  жазып немесе kaz-media@unicef.org жазсаңыз болады.