Qazaqsha | Русский
Almaty qalasy mektepteri
» » «Күншуақ» лагерінің шаттыққа толы жазы!

«Күншуақ» лагерінің шаттыққа толы жазы!

Qosyldy: 02.07.18
Аvtor: admin
Rubrika: Aqparat
Pikirlerи (0)

«Күншуақ» лагерінің шаттыққа толы жазы!

Жаз –
мезгілдер ішінде ең ерекшесі, әсіресе мектеп оқушылары үшін. Балалар жазғы
демалысқа шығып,ойларын шыңда, шығармашылық қабілетін, ой-санасын дамытып,
денсаулығын нығайтатын кезең. Сондықтан, жадырап жаз шығысымен әрбір ата-ананы
баласының қайда және қалай демалатыны толғандырады. Ауыл баласы — қалаға, қала
баласы – ауылға ағылса, кейбірі мектеп жанындағы демалыс лагерьлеріне баруға
таңдау жасайды.

«Күншуақ» лагерінің шаттыққа толы жазы!
«Күншуақ» лагерінің шаттыққа толы жазы!
«Күншуақ» лагерінің шаттыққа толы жазы!
«Күншуақ» лагерінің шаттыққа толы жазы!
«Күншуақ» лагерінің шаттыққа толы жазы!
«Күншуақ» лагерінің шаттыққа толы жазы!
«Күншуақ» лагерінің шаттыққа толы жазы!
«Күншуақ» лагерінің шаттыққа толы жазы!

Біздің Алматы қаласы «№102ЖББМ» КММ –де де маусым айында ашылған «Күншуақ» жазғы демалыс лагерінде мектеп оқушылары жадырап көңіл көтеруде. Лагерге оқушылар ішінен көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларыда қамтылған. Жазғы демалыс орнының күнделікті жұмысы өте қызықты, есте қалатындай болып өттіп жатр. Лагерьдің іші оқушылардың қызығуларына байланысты ерекше безендірілген, ертегі кітаптары, көңілді шарлар, балалардың әсем қол өнерлері, ата-аналардың көңілінен шықты.

Лагерьге келген демалушыларды күнделікті мектеп медбикесі денсаулықтарын тексеріп, олармен сауықтыру іс-шараларын жүргізуде. Жазғы лагерьде балалардың сапалы тамақтануы да назардан тыс қалмаған. Арнайы бекітілген ас мәзірі бойынша балаларға екі мезгіл тамақ берілуде.

Лагерь демалушыларына түрлі ойындар ойнатылып, дойбы, шашка жарыстары, тақырып бойынша тапқырлық, сөз жұмбақ сайыстары ұйымдастырылуда. Бір мезгіл балдырғандар сурет салып, тақпақ жаттап, ән салады. Күнде жоспар бойынша таңертеңгілік жаттығулар, ертеңгіліктер, сайыстар өтеді. Тәрбиешілер әр күнге белгіленген түрлі мерекелік іс-шараларды ұйымдастырып, балғындардың демалысы қызыққа, қуанышқа толы болуына бар күш-жігерлерін, өнерлерін аямай жұмсауда.

Біз лагерьде демаламыз, ойнаймыз.

Неше түрлі қызықтарға тоймаймыз.

Жүгіреміз, секіреміз жарысып,

Ән саламыз, би билейміз майысып.

Жаз болса, жердің жүзі жайнап тұрған,
Ән шырқап бұлбұл құстар сайрап тұрған.

Қушақтарын толтырып қуанышқа

Оқушылар лагерде сайран құрған.