alschool
» » ҚазҰУ-ым – мақтанышым!
» » ҚазҰУ-ым – мақтанышым!

    ҚазҰУ-ым – мақтанышым!


    Университет – ғалымдар мен ұлағатты ұстаздардың даналығы мен жастардың жалынды істерін, білім мен ғылымға деген ізденісі мен құштарлығын бойына сіңірген, таусылмас білім ордасы. Өзіндік тариxы бар, көпжылдық білім беру саласында және ғылыми жұмыстарда тәжірибесі мол бірден-бір жоғарғы оқу орны әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті – жоғары білім берудің көшбасшысы. 85 жылдық тариxы бар қара шаңырақ-еліміздің қоғамдық өмірі мен білім, ғылым, жалпы оқу ағарту саласының қалыптасуы мен дамуы кезеңдерінің куәгері.



         Қала ішінде "Казгуград" қалашығы деп аталып кеткен құтты мекенде студенттің өзін-өзі дамытуы мен жетілуіне барлық жағдай жасалған. Айта кетер болсам: Ө.Жолдасбеков атындағы 1600 орындық студенттер сарайы, ТМД елдеріндегі жалғыз үлкен ауқымды «әл-Фараби» кітапханасы, спорткешені мен стадион, жаңа ғимараттар, әскери кафедра, технопарк, 5000 студентке арналған студенттер үйі, медициналық орталық және студенттерге қызмет ету орталығы студенттер игілігі үшін қызмет жасап отыр.  Мен өзімнің осынау мүмкіндіктерге толы "қара шаңырақта" білім алып жатқанымды мақтанышпен айта аламын. Себебі, ҚазҰУ әлемдегі 800 ең үздік университеттер арасында 220 орынға ие болып, «QS World University Rankings» халықаралық рейтингісінде тағы 16 орынға алға шықты. 

         Қалай десек те, ҚазҰУ – болашаққа нық қадам бастырар саналы ғұмырдың бір айғағы іспетті. Олай дейтін себебім, еліміздің басты оқу орны менің жаңа қырымнан танылуыма мүмкіндік туғызып қана қоймай, білім алуға деген потенциалымды көтергендей болды. Сол себепті де, мен өзімнің ҚазҰУ-да жүргенімді өмірімдегі ең үлкен жетістік деп білемін!


    Нұрданбекқызы Ұлжан,

    әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 1-курс студенті

    Идея авторы: Ақжігітова Аққибат Орақбайқызы


    Похожие новости
  • ҚазҰУ-ым – қарашаңырағым!
  • Қазақстандық студенттер Кипрден жүлдемен оралды
  • «Ұстаздар күні» мерекесіне арналған салтанат
  • Алматы әкімі Б.Байбек оқушыларды Білім күнімен құттықтады
  • Ресей қазақстандық студенттерге 150-ден астам білім гранттарын бөледі

Фото новости
Событие дня
Новые статьи
20 май «№102 ЖББМ» КММ-і 11-сынып түлектері бітіру кешінен бас тартып, жалғызбасты көпбалалы анаға

17 май 15 мая весь мир отмечал Международный день семьи

16 май «102 ЖББМ» КММ-де кең көлемде өткен «Білімді ұлт – білім берудің және отбасылық құндылықтардың

16 май 15. 05. 2019 ж күні № 156 мектепте жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өткізілді.

16 май Родительское собрание в школе № 142

14 май "Кәсіби бағдар беру жұмысының қазіргі кезде орын алатын маңыздылығы"атты панельдік

07 май Әл-Фарабиды тану – ҚазҰУ міндеті

07 май «Отанға қызмет –ұлы міндет»

06 май «Отанға қызмет –ұлы міндет»

06 май №196 ЖББ мектебінде 2019 ж. 1 мамыр Қазақстан халықтарының ынтымақ пен бірлік күні

Топ новости