Qazaqsha | Русский
Almaty qalasy mektepteri
» » 25 мамыр. Алматылық 7168 мектеп түлектері

25 мамыр. Алматылық 7168 мектеп түлектері

Qosyldy: 25.06.14
Аvtor: admin
Rubrika: Aqparat
Pikirlerи (0)

25 мамыр. Алматылық 7168 мектеп түлектері үшін «Соңғы қоңырау» соғылды

Алматы мектептеріндегі 7168 оқушы үшін бүін «Соңғы қоңырау» соғылды. Алматы әкімі Ахметжан Есімов Ш.Уәлиханов атындағы №12 гимназияның салтанатты сабына қатысты. Биыл бұл мектеп-гимназия өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өтеді.

Гимназия ұжымын, оқушыларды құттықтаған қала әкімі болашақ жастар қолында екендігін атап өтті.

«Еліміздің Президенті мектеп түлектері ел патриоты болуымени қатар үш тілді еркін меңгеруі тиіс деген болатын. Сендердің әрқайсыларың үшін бүгінгі күн болашақтың бастауы болып табылады. Мен сендердің ата-аналар мен мұғалімдердің үміттерін ақтайтындарыңа сенімдімін», - деді Ахметжан Есімов.

Әкім биылғы жылдың «Білімді дамыту жылы» болып жарияланғандығын жеткізді. Соңғы алты жыл ішінде Алматыда 45 оқу орны ашылды, олардың 14-і жаңа мектептер, соның 11-де сабақ қазақ тілінде жүреді.

Ахметжан Есімов оқушыларға ҰБТ-ті ойдағыдай тапсырып, үздік көрсеткішке жетуді тіледі. Аталған тест бойынша алматылық оқушылар Қазақстан бойынша екі рет қатарынан ең жоғары көрсеткіштерге жетіп келеді. Best 3D Models download for free

25.05.2014 12:58