alschool
» » Қала тынысы
» » Қала тынысы

    Қала тынысы


    08.10.2015 11:07:21

    Алматыда ерекше көрме ашылды. Қала күніне орай ұйымдастырылған шарада көрермен назарына Алматының әргі-бергі тарихынан сыр шертетін жәдігерлер ұсынылды. Көрме негізінен алып шаһар мен Жетісу аймағының ежелгі кезеңі мен қазіргі уақытқа дейінгі аралығын қамтитын бірегей фотосуреттерден тұрады.

    Мультимедиялық көрмеде қала жұртшылығының назарына 500-ден аса туынды ұсынылды. Мұнда ару Алматының соңғы бір ғасырда сәулеттік келбетінің қалай өзгергені кезең-кезеңмен көрсетілген. Онда заман талабына сай өзгерген әсем қаланың көрікті келбеті айшықталған. Суреттердің барлығы қалалық мұражай қорынан алынған.

    «Қазіргі таңда музейдің қызмет аясы кеңейіп келе жатыр. Қазіргі талап жұмысына сай, мұражай әрбір Алматы қаласында орналасқан Орталық паркте, үлкен сауда орындарында және басқа да жерлерде үлкен көрмелер ұйымдастырып келе жатыр»,- деді Алматы қаласы тарихы музейінің ғылыми қызметкері Нұрсұлу МҰСАЕВА.

    Сондай-ақ әсем әнмен әрленіп, күймен көмкерілген көрмеде қаланың қоғамдық - саяси және мәдени өмірі мен өнеркәсіптің дамуы жеке топтамамен көрсетілген. Алматы кеше, бүгін және ертең сынды шаһарымыздың құрылу тарихы мен бүгінгі келбеті, сондай-ақ болашақта болады деген көздің жауын алатын құрылыстар жұрт назарына ұсынылды.

    Тарихи жәдігерлер де көрме сөресінен тыс қалмаған. Соның ішінде көпшілік назарына ұсынылған мына қол қазан біздің заманымызға дейінгі V-ІІІ ғасырларға тән. Оны Алатау ауданының тұрғыны 2011 жылы құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында тапқан екен.

    Үлкен экрандармен көмкерілген галерея қонақтарының басым бөлігі жастар. Ұйымдастырушылар мұнымен тоқтамай өнегелі істі жалғастыруды көздеп отыр. Алдағы уақытта олар алматылық суретшілердің еңбектерін топтап, ауқымды көрме өткізбек.

    Перизат Көмекбайқызы, Мұрат Тайжанов, «Алматы» телеарнасы


    Похожие новости
  • ҚАЛА КЕЛБЕТІ
  • Бір тамшы тарих
  • Қазақ хандығына 550 жыл
  • Балдырғандар әлемі
  • ҰБТ барысында бірнеше мәрте бұзушылық жасаған 24 түлектің тесті нәтижелері есепке алынбайды

Фото новости
Событие дня
Новые статьи
05 август Біздің жұлдыздарымыз Лондонға жол тартты

01 август Информация по КГУ ОШ № 142

01 август Акция «Дорога в школу»

03 июнь Открытие пришкольного лагеря №142

03 июнь 2019 ж. №196 ЖББ мектеп жанынан "Балауса" лагерінің ашылу салтанаты болды

03 июнь 156 ЖББ мектеп жанынан ашылған «Күншуақ» лагерінің ашылу салтанаты өтті.

25 май № 156 жалпы білім беретін мектепте "Құлақтан үнің кетпестей, сыңғырла соңғы қоңырау"

25 май «№102 ЖББМ» КММ-де соңғы қоңырау соғылды!

24 май Қалалық «Абай оқулары-2019»

20 май «№102 ЖББМ» КММ-і 11-сынып түлектері бітіру кешінен бас тартып, жалғызбасты көпбалалы анаға

Топ новости