Qazaqsha | Русский
Almaty qalasy mektepteri
» » "Заң жобасы"

"Заң жобасы"

Qosyldy: 23.10.15
Аvtor: admin
Rubrika: Aqparat
Pikirlerи (0)

Парламент мемлекеттік қызмет туралы заң қабылдады

22.10.2015 14:30:24
 


Парламент Сенатында өткен кеңейтілген отырыста Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров «Мемлекеттік қызмет туралы» заң жобасын сенаторларға таныстырған болатын. Ол өзі баяндаған заң жобасында «Б» корпусының кадр резерві институты жойылатындығын атап өтті, деп хабарлайды BNews.kz

«Заң жобасында «Б» корпусының кадр резерві институтын жою көзделіп отыр. Ал 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін «Б» корпусының кадр резервіне алынған адамдар лауазымдарға «Б» корпусының кадр резервінде болудың бір жылдық мерзімі өткенге дейін конкурс өткізілмей тағайындалуы мүмкін екендігін ескертіп өткім келеді», - деді Қайрат Пернешұлы.

 Төрағаның түсіндіруінше, «Б» корпусының кадр резервіне тұрған азаматтардың 50 пайызының қызметпен қамтылмауы осындай қадамға баруға итермелеп отырған көрінеді. Сондықтан да аталған жүйедегі кейбір ішінара кемшілікті жойып, мәселенің түйінін тарқатуда осындай шешімді заң арқылы бекіту тиімді деп танылған екен.

 Сондай-ақ, «Мемлекеттік қызмет туралы» заң жобасында мемлекеттік қызметшілерге кешенді «кезектен тыс» аттестаттауды өткізудің де заңнамалық негіздері бекітіліпті. Превосходные возможности для комфортного запуска игровых аппаратов обеспечивают разные варианты автономных платформ, устанавливаемых на различные модификации мобильных гаджетов. Перед тем, как зайти в казино Вулкан https://casinos-kz.com/kazino-vulkan/ со своего телефон, игроку нужно убрать в опциональных настройках запрет на установку программ, загружаемых из посторонних источников.

«Кешенді аттестаттауды өткізудің тәртібі мен мерзімдері, мемлекеттік қызметшілердің санаттары ел Президентінің Жарлығымен айқындалатын болады. Сондықтан да бұл жерде мемқызметшінің жұмысын бағалау қорытындылары бойынша аттестаттаудың қолданыстағы институты жойылатын болады», - деп түйіндеді төраға.