Qazaqsha | Русский
Almaty qalasy mektepteri
» » "Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту курстары"

"Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту курстары"

Qosyldy: 23.10.15
Аvtor: admin
Rubrika: Aqparat
Pikirlerи (0)

Елімізде есту қабілеті шектелген 111 бала оңалту курсынан өтті

23.10.2015 10:04:44

Биыл республикалық бюджет есебінен кохлеарлы имплантация отасы жасалған 111 бала 15 күндік есту, сөйлеу оңалту курстарынан өтті. Бұл туралы AlmatyNews АА-нің тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Оңалтудың басты мақсаты – баланы қоршаған ортадағы дыбыстарды қабылдау, ажырату, оның мағынасын түсінуге үйрету және тәжірибені сөйлеу машығын дамытуда қолдану.

Балалармен сабақты әртүрлі сала мамандары жүргізеді: сурдопедагогтар, логопедтер, дыбыс протезистері, аудиологтар және тағы басқалар. Сонымен қатар, есту, сөйлеу оңалту шараларын сапалы өткізу және тәжірибе алмасу мақсатында қосымша Украина мен Ресейден мамандар шақырылды.

Бұл шаралар кохлеарлы импланты бар балалардың ата-аналарына үй жағдайында үздіксіз, жүйелі түрде сабақтарды жүргізуде қажетті тәжірибе алуға көмектесті.

Қазіргі таңда Қазақстанда 3 мыңға жуық бала құлақ ауруы салдарынан мүгедектік санатында. Министрлік  бастамасымен 2014 жылдан бері республикада кохлеарлы импланты бар балалардың есту, сөйлеу оңалтуды өткізу бойынша іс-шаралар жүзеге асырылып келеді.