Qazaqsha | Русский
Almaty qalasy mektepteri
» » "Балалар шығармашылығы"

"Балалар шығармашылығы"

Qosyldy: 23.10.15
Аvtor: admin
Rubrika: Aqparat
Pikirlerи (0)

Алматы метросында балалар шығармашылығы көрмесі ашылды

23.10.2015 11:21:48

Алматы метросында кезекті көрме. Бұл жолы Әуезов атындағы стансада «Менің сүйікті Қазақстаным» атты бүлдіршіндер шығармашылығы көрмесі көрсетілді.

Бұл - Алматыдағы «Метро» мен «Алқызыл желкен» атты балалар шығармашылық орталығымен бірлескен жоба. Көрменің басты мақсаты-жас жеткіншектерді Отан мен елді сүюге, оны құрметтеуге үйрету. Көрсетілім өзіміз тұратын қалаға ұқыппен қарап, тарихи жәдігерлерімізді қадірлеуге үгіттейді. Көрмеде 80 туынды қойылған. Айта кетейік, көрсетілім 2 аптаға жалғасады. Метромен жүру барысында бүлдіршіндердің шығармашылығын тамашалап қана қоймай, сондай-ақ патриоттық тәрбие алып қайтуға бағыттайды.

«Метрода балалар өз салған жұмыстарын ұсынды. Мұндағы ең кішкентай суретші 2-де. Ал, ересектері орталықта тәлім алады. Балалардың қиялы ұшқыр. Олар тіпті метроның болашағын елестетіп сурет салды»,- деді «Алқызыл желкен» орталығының жетекшісі Маргарита ВОЛОШИНА.