Qazaqsha | Русский
Almaty qalasy mektepteri
» » "Жемқорлармен күрес"

"Жемқорлармен күрес"

Qosyldy: 23.10.15
Аvtor: admin
Rubrika: Aqparat
Pikirlerи (0)

Жемқор ЖОО ректорлары жұмыстан қуылмақ

23.10.2015 15:38:04


ҚР БҒМ жемқорлық фактілері жиі тіркелген университеттердің ректорларын жұмыстан босатпақ. Бұл туралы бүгін Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен жемқорлыққа қарсы күрес үйлестіру кеңесінде ҚР Білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Үйлестіру кеңестерінің жұмысы біршама кеңейеді. Соның бірі - ректорлардың жемқорлыққа қарсы күрес декларациясын қабылдау бағытындағы жұмыстар. Біз бұған дейін айтып келдік, жемқорлық аxуалын, жастарды жемқорлыққа төзбеушілік рухта тәрбиелеуді қадағалайтын боламыз. Студенттердің жемқорлыққа деген төзбеушілік сезімін қалыптастыруға ректорлар жауап береді. Бұл бағыттағы жұмыстар әрбір ректорға персоналды түрде тапсырып отыратын боламыз. Әсіресе, мемлекеттік ректорларға қатысты. Бұл сіздердің жұмыстарыңызды бағалаудың бір бөлігі болады. Яғни, біз түрлі бағалау әдістерін өткізіп отырамыз», - деді ол. 

 Оның айтуынша, осы әдістердің аясында анықталған әлсіздіктер ректорлардың қызметіне тікелей әсер етуі керек.

 «Бірде бізден «жемқорлығы дендеген жоғары оқу орындарының ректорларымен не болады?» деп сұрады. По приезду в Москву, вы можете сразу заняться вопросом о приобретении диплома о высшем образовании, проще говоря купить диплом в Москве , покупка диплома, займёт, от одного, до трёх дней, диплом вы можете выбрать на своё усмотрение! Біз ондай ректорларға төзімсіздік танытамыз. Сол себепті егер осындай фактілер анықталып жатса, біз ол ректорларды ЖОО-дағы қызметінен кетуін талап етеміз», - деді вице-министр.