Qazaqsha | Русский
Almaty qalasy mektepteri
» » "Балалы үй базар"

"Балалы үй базар"

Qosyldy: 26.10.15
Аvtor: admin
Rubrika: Aqparat
Pikirlerи (0)

Елімізде көпбалалы аналар саны 20%-ға өсті

 

oskemen.info

2010 жылдан бастап Қазақстанда туу көрсеткіші 9,5 пайызға өсті. 2006 жылдан бері көпбалалы отбасылардың көбеюі 20 пайызға артты. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі әлеуметтік қызмет департаментінің директоры Ажар Тілеуғалиева мәлімдеді, деп хабарлайды Strategy2050.kz.

«Қазақстанда соңғы бес жылда туу көрсеткіші оңтайлы болып отыр. 2010 жылдан бастап туу көрсеткіші 9,5 пайызға өсті. Өткен жылы өмірге 401 мың сәби келді», - деді ол.

Оның айтуынша, 2006 жылдан бастап көпбалалы отбасылардың саны 20 пайызға көбейді. Сондай-ақ, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған көпбалалы аналар саны екі есеге өсті.