Qazaqsha | Русский
Almaty qalasy mektepteri
» » "Трамвайдан қорқамыз!"

"Трамвайдан қорқамыз!"

Qosyldy: 28.10.15
Аvtor: admin
Rubrika: Aqparat
Pikirlerи (0)

Алматыда трамвайдың қатысуымен үшінші жол-көлік оқиғасы болды

27.10.2015 17:15:30

Алматы қаласы Байтұрсынов пен Жамбыл көшелерінің қиылысында трамвайдың қатысуымен үшінші жол-көлік оқиға болды. Бұл туралы Gazeta.kz. хабарлайды.

Куәгерлердің айтуынша, трамвайдың дөңгелегі ұшып кеткен. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Бұл оңтүстік астанадағы трамвайдың қатысуымен болған үшінші оқиға.

Еске салайық, бірінші жол-көлік оқиғасы 21 қыркүйек күні Байтұрсынов пен Қарасай батыр көшелерінің қиылысында орын алған болатын. Трамвайдың тежегіші істен шығып, 14 көлікті таптап кеткен еді. Қазір ЖКО қатысты соталды тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Трамвайдың қатысуымен екінші жол апаты 13 қазанда тіркелді. Онда да алып көлік 14 темір тұлпарды жайпаған еді.

Айта кетерлік, сақтандырушылар Алматыда арнайы сауалнама жүргізді. Қала тұрғындары трамвайдан қорқатынын жеткізді.