Qazaqsha | Русский
Almaty qalasy mektepteri
» » Алматы қаласының Әкімі Бауыржан Байбек, әйел -қыздарды 8 Наурыз мерекесімен құттықтады

Алматы қаласының Әкімі Бауыржан Байбек, әйел -қыздарды 8 Наурыз мерекесімен құттықтады

Qosyldy: 06.03.16
Аvtor: admin
Rubrika: Aqparat
Pikirlerи (0)
Алматы қаласының Әкімі Бауыржан Байбек, әйел -қыздарды 8 Наурыз мерекесімен құттықтады«Барлықтарыңызды көгілдір көктемнің мерекесі- Халықаралық әйелдер күні 8 наурызбен құттықтаймын!
Барлық кезеңде, барша халық жаны нәзік әйелдерді махаббаттың, бақыт пен ізгіліктің символына балаған. Қазақ қоғамында әйелдің мәртебесі қашанда жоғары, ол құрмет пен абыройға ие, ана отбасының діңгегі, дәстүр мен адагершіліктің жалғасы.Тарих жылнамасына көз жүгіртсек, бұрынғы аналарамыздың мемлекеттік деңгейде ойлап, ақылгөй кеңесші, әділ сот болғандықтарын да білеміз. Әйелдер еліміздің қоғамдық - саяси өміріне белсене араласып, өздерінің біліктілігін көрсетіп жүр. Бүгінгі әйелдер- білікті басшы, кәсіпкер, саясаткер, әскери қызметші, спортшы. Бұлардан басқа мамандықтар мен әлеуметтік рөл әйелдер үшін нормаға айналған»,
«Әйелдер аспанның тең жартысын иықтарымен көтереді деген нақыл сөз бар. Шындығына келгенде, сіздер иықтарыңызбен бүкіл әлемді көтеріп келесіздер. Расында да солай! Біз барлығымыз Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарын жақсы білеміз. Қиын кезеңге алғашқы болып бейімделген де әйелдер қауымы. Жаңа экономиканы тез арада меңгеріп, жас мемлекетіміздің аяғынан тік тұруына аянбай үлес қостыңыздар. Кіші және орта бизнесті дамытып, тәуекелге барып, жаңа істерді қолға алдыңыздар. Соның арқасында бүгінгі күні 13,5 мыңнан астам алматылық әйелдер кіші және орта бизнесті дөңгелетіп отыр. Ал мемлекеттік қызметте басшы лауазымда отырған әйелдер 27%-ды құрайды. Қаланың денсаулық сақтау мен білім беру саласындағылардың басым көпшілігі әйелдер. Мемлекет басшысы айтып өткендей, «барлық әлеуметтік блок біздің нәзік жанды әйелдеріміздің иығында» Сіздер қолға алған істердің барлығы да табысты. Өйткені, әйелдердің өмірдегі мәнінің өзі- жасампаздық».
8- Наурыз мереклеріңіз құтты болсын!!!

Алматы қаласының Әкімі Бауыржан Байбек, әйел -қыздарды 8 Наурыз мерекесімен құттықтады