dle
alschool
Школы Алматы » Информация » «Алматының 1000 жылдығы – 1000 қайырымды іс» акциясы аясында №194 негізгі орта мектебінде өтіп жатқан іс шаралар туралы ақпарат
Школы Алматы » Информация » «Алматының 1000 жылдығы – 1000 қайырымды іс» акциясы аясында №194 негізгі орта мектебінде өтіп жатқан іс шаралар туралы ақпарат

    «Алматының 1000 жылдығы – 1000 қайырымды іс» акциясы аясында №194 негізгі орта мектебінде өтіп жатқан іс шаралар туралы ақпарат


    Қайырымдылық - адам жанының нұры. Бірінен-бірі озғысы келген қазіргі алмағайып заманда түрлі оқиғалардың куәгері болып жатамыз. Мұның бәріне «заман өзгеріп барады» деген сылтаумен селт етпестен жүре берсек, «Адам» деген ұлы атымызға кір келтіргеніміз емес пе?! Біз мейірімді жүрек, үлкен адамгершілігімізбен ғана қаталдық пен қастандыққа қарсы тұра аламыз. Адам баласының қайырымды немесе қайырымсыз, қаскүнем болуы өскен орта, алған тәрбиесіне байланысты. Сол тәрбиені беретін ең бірінші отбасы болса, одан кейінгі кезекті мектеп алады. Қаламызда бастау алып жатқан «Алматының 1000 жылдығы – 1000 қайырымды іс» акциясы болашақ өскелең ұрпағымызға тәлім-тәрбие беру жолында маңызы зор. Жыл бойы жүргізілетін аталмыш іс-шараларға Көлсай ықшам ауданында орналасқан №194 негізгі орта мектеп те ат салысуда. Ұстаз – шәкіртке үлгі дейтін болсақ, онда біздің мектептің мұғалімдері алдына келген әрбір баланы білім нәрімен сусындатып, тәрбиеге баулу жолында аянып жатқан жоқ. Осыған орай мектебімізде барлық сыныптарда «Алматының 1000 жылдығы – 1000 қайырымды іс» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Атап айтсақ, тәжірибелі, ұлағатты ұстаздарымыз 1 «А» сынып жетекшісі М. Қуанышбаеваның «Қайырымды бола білейік», 2 «Б» сынып жетекшісі Э.Мусажанованың «Мир добрых дел», 3 «Б» сынып жетекшісі Р.Темирханованың «Твори добро на радость людям» тақырыптарындағы тәрбие сағаттарының берер тағылымы мен тәрбиесі мол. «Алматының 1000 жылдығы – 1000 қайырымды іс» акциясы аясында №194 негізгі орта мектебінде өтіп жатқан іс шаралар туралы ақпарат
    «Алматының 1000 жылдығы – 1000 қайырымды іс» акциясы аясында №194 негізгі орта мектебінде өтіп жатқан іс шаралар туралы ақпарат
    «Алматының 1000 жылдығы – 1000 қайырымды іс» акциясы аясында №194 негізгі орта мектебінде өтіп жатқан іс шаралар туралы ақпарат Тәрбие сағаттары барысында оқушылар қайырымдылық-ізгіліктің нақты көрінісі болып табылатынын ұғына отырып, өз ойларымен бөлісті. Өткізілген тәрбие сағаттарының нәтижесінде шәкірттеріміздің жас та болса қиналған жанға көмек қолын созып, қайырымдылық жасауға әрқашан да дайын екендігіне көзіміз жетті. Осы акция аясында жыл бойы мектебімізде жоспарланған іс-шаралар әлі де өз жалғасын табады. №194 негізгі орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Б.Х.Тойбаева


    Похожие новости
  • "Балалар шығармашылығы"
  • ҚАЛА КЕЛБЕТІ
  • Отбасы мәселесі
  • Қала тынысы
  • Мінбер