alschool
» » Алматы әкімі Б.Байбек оқушыларды Білім күнімен құттықтады
» » Алматы әкімі Б.Байбек оқушыларды Білім күнімен құттықтады

    Алматы әкімі Б.Байбек оқушыларды Білім күнімен құттықтады


    Алматы әкімі Б.Байбек оқушыларды Білім күнімен құттықтадыБүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек жаңа оқу жылының басталуына орай Ы. Алтынсарин атындағы №159 гимназиядағы салтанатты шараға қатысып, қаланың барлық мектеп оқушыларын Білім күнімен құттықтады.

    Ол мемлекет тарапынан өскелең ұрпақтың жан- жақты жетіліп, өсуіне барлық жағдайлардың жасалып жатқандығын ерекше атап өтті.

    «Сапалы білім беру - біз үшін басты міндет. 17 млн адамы бар көлемді аумақта әр балаға айрықша көңіл бөліп, оларға барынша жағдай жасау қажет. Мектеп тек терең білім ғана емес, өнегелі тәрбие де береді. Алдына үлкен мақсаттар қойған әрбір жас өрен биік межелерге жетуге ұмтылады, өзінің, отбасының, ұжымының, елінің абыройын ойлап, патриот болуғы тырысады.

    Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде Алматы қаласында қазақ тілінде дәріс беретін мектептер саны 15-тен 65-ке жетті. Оқушылар мен олардың ата- аналары мемлекеттік тілдің қаншалықты маңызды екендігін өте жақсы түсінеді. Ал, орыс және ағылшын тілдері өскелең ұрпақтың бақытты болашағына даңғыл жол ашады» , - деді Б.Байбек.

    Салтанатты шара барысында мегаполистің тарихы туралы баяндайтын «Алматы біздің сүйікті қаламыз» кітабы таныстырылды.

    «Бұл кітап Мемлекет басшысының тапсыруы бойынша біздің қаламыздың мерейлі жылына арналып шығарылды, қаланың әрбір білім ошағына Елбасы атынан сыйлық ретінде бір кітаптан беріледі», - деді мегаполис басшысы.

    Салтанатты бөлімнен соң қала әкімі «Мәңгілік ел» патриоттық акті аясында қаланың барлық мектептерінде өткен «Мен- өз елімнің патриотымын» атты бірыңғай онлайн- сабаққа қатысты.

    Атап өтерлік жайт, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша «Шаңырақ», «Қалқаман» сынды қалаға қосылған елді мекендердегі №26, 157 мектептер жанынан әрқайсысы 900 орынды қосалқы нысандар пайдалануға берілді. Ал, Наурызбай ауданында жеке инвестор қаржысымен 1200 орынды мектеп салынуда. Медеу ауданында 700 орынды №168 мектеп құрылысы аяқталып қалды.


    Источник: (http://www.almaty.gov.kz/)


    Похожие новости
  • «Алматының 1000 жылдығы – 1000 қайырымды іс» акциясы аясында №194 негізгі орта мектебінде өтіп жатқан іс шаралар туралы ақпарат
  • Алматы қаласының Әкімі Бауыржан Байбек, әйел -қыздарды 8 Наурыз мерекесімен құттықтады
  • Қазақ хандығына 550 жыл
  • Балдырғандар әлемі
  • 25 мамыр. Алматылық 7168 мектеп түлектері

Фото новости
Событие дня
Новые статьи
15 январь Достижения учащихся КГУ "Школа- лицей №28 им.М.Маметовой " за первое полугодие 2018-2019

25 декабрь В школе-лецей №131 имени Б.Момышұлы прошло праздничное мероприятие в честь 108 летия

12 декабрь В КГУ ОШ № 142 в предверии празднования Дня Незивисимости Республики Казахстан во всех

10 декабрь КГУ ОШ №142 -Информация о проведенных мероприятиях за 10 декабря 2018 года

10 декабрь в школе-лицее №131 имени Б.Момышұлы в рамках акции «Медеуский район без наркотиков!»

06 декабрь Информация о проведённом родительском собрании по КГУ ОШ № 142

06 декабрь 5 декабря в школе – лицее №28 им.М.Маметовой прошла встреча с писателем

01 декабрь В преддверии Дня Первого Президента Казахстана в лицее №28 им.М.Маметовой прошло

29 ноябрь День Первого Президента -КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой»

28 ноябрь 27 қараша күні №32 Жалпы білім беретін мектепте «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы

Топ новости