dle
alschool
Школы Алматы » Информация » Алматыда 18 қыркүйекте Қала күніне арналған «Алматының 25 шыңы» атты гала- концерт өтеді
Школы Алматы » Информация » Алматыда 18 қыркүйекте Қала күніне арналған «Алматының 25 шыңы» атты гала- концерт өтеді

    Алматыда 18 қыркүйекте Қала күніне арналған «Алматының 25 шыңы» атты гала- концерт өтеді


    Алматыда 18 қыркүйекте Қала күніне арналған «Алматының 25 шыңы» атты гала- концерт өтедіАлматының 1000 жылдығын мерекелеу аясында қала тұрғындары мен қонақтары түрлі мерекелік шаралар - музыкалық фестивальдерді, көрмелерді, спорттық жарыстарды тамашалайтын болады.

    Мысалы, қалада 2, 3, 4 қыркүйек күндері Абай алаңында сағат 19.00 –де жыл сайынғы ашық аспан астындағы «Оркестрлер шеруі» VII фестивалі ашылады. Фестивалдің алғашқы күні Арман Жүдебаевтің басқаруымен және «Сазген сазы» фольклорлық –этнографилық ансамбльдің қатысуымен Қазақ академиялық халық аспаптары оркестрі өнер көрсетеді. Екінші күні қала тұрығндары мен қонақтары үшін 80 жылдардың хиттері шырқалады. Композициялар Қанат Ахметовтың басшылығымен үрлемелі оркестердің орындауда жүзеге асады. Соңғы күнгі концертті Мемлекеттік академиялық оркестр қорытындылайды.

    3 қыркүйекте сағат 10:00 нан 17:00 аралығында Ғылым академиясы алаңында ( Уәлиханов/Шевченко көш) III « KitapFest » алматылық кітап фестивалі өтеді. Келушілерді түрлі сюрприздер күтеді.

    4 - 8 қыркүйек аралығында ЮНЕСКО аясында Халықаралық Балалар Бейбітшілікті суретке салады. Азия» атты фестиваль өтеді, оған Орта Азия мен Азия - Тынық мұхит өңірінен 7 мыңнан астам жас суретші қатысады.  

    Қала күні 18 қыркүйек, жексенбі күні мерекеленеді. Сағат 11.00 ден 18.00 дейін жыл сайынғы «АЛМА fest -2016» фестивалі, түрі ойын- сауықтартар ұйымдастырылады.

    «АЛМА ОТБАСЫ» - балалар аттракционы,түрлі ойындар, отбасылық старттар, көңілді аниматорлар мұнда келгендердің бәрінің көңілін табатын болады.«АЛМА АРТ» - ашық аспан астындағы галерея. Суретшілер өз шеберліктерін ұсынады. Арнайы конкурста живописьтен бәсеке өтеді. . «АЛМА-ЭТНО» - театрландырылған қойылымда халқымыздың ұлттық дәстүрлері мен салттары көрсетіледі. Қонақтар ұлттық дәмнен ауыз тиеді. «АЛМА-ЖАСТАР» - формальді емес жастар мен түрлі субмәдени ағымдағы жастарға арналған. Көше биі бойынша арнайы конкурс өтеді. «АЛМА-КАРАОКЕ», мұнда Алматы туралы ескі әндер айтылып, ән байқауы өтеді.«АЛМА-ӘУЕН» аумағында қазақстандық өнер жұлдыздарының концерті болады. «АЛМА-БАЗАР» атты негізгі алаңда Алматы облысының 20 шаруашылығынан жеткізілген 20 түрлі 100 тонна алма келушілерге ұсынылады.

    Қала күні мерекесінде «Алматы Арена» Мұз сарайында ЮНЕСКО-ның, бауырлас қалалар мене өзге де делегациялар өкілдерінің қатысуымен «Алматының 25 шыңы» атты мәдени шара өтеді. Мереке соңы « Apple Fire » отшашуына ұласады.

    Іс-шара

    Өткізілетін күні мен орны

    ҚЫРКҮЙЕК

    1

    Ашық аспан астындағы «Оркестрлер шеруі» музыка ф естивал і

    2, 3, 4 қыркүйек

    Абай алаңы

    2

    «Кiтап fest» жылсайынғы кітап фестивалі

    3 қыркүйек,

    Ш. Уәлиханов атындағы алаң

    3

    «Балалар Бейбітшілікті салады. Азия» халықаралық фестивалі

    7 қыркүйек, сағат 16:00

    Абай атындағы МАОБТ

    4

    Отбасы күні - День семьи

    10 қыркүйек, сағат 12.00

    Орталық мәдениет және демалыс саябағы

    5

    «Алматы тарих ағымында» халықаралық ғылыми-практикалық конференция

    15 қыркүйек

    Конференция залы

    6

    Тәуелсіздіктің 25 жылдығы ұранымен «Күміс көмей – жез таңдай» дәстүрлі музыка конкурсы

    15 қыркүйек

    «Алатау» дәстүрлі өнер театры

    7

    «Gakku дауысы» қазақстандық музыка фестивалі

    17 қыркүйек, сағат 20.00

    Астана алаңы

    8

    «Aлма Fest-2016» қалалық дәстүрлі алма фестивалі

    18 қыркүйек,

    сағат 11.00 -15.00

    Тұңғыш П резидент саябағы

    9

    Қала күнін мерекелеу аясында Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған салтанатты гала-концерт.

    18 қыркүйек, сағат 19.00

    Алматы Арена

    10

    « Apple Fire» отшашулар шоуы

    18 қыркүйек, сағат 21.00

    Атлетикалық ауыл,

    Сағат 22.00,

    К өк - Т өбе

    11

    «Muzzone 2016» Еуропалық музыка сыйлығы

    22 қыркүйек, сағат 19.00

    Алматы Арена

    12

    Бейбіт Қорғанның концерті

    23 қыркүйек, сағат 19.00

    Алматы Арена

    13

    Бибігүл Төлегенова вокалшыларының VIII Халықаралық конкурсы

    19-26 қыркүйек,

    Абай атындағы МАОБТ

    14

    «Еуразия» халықаралық кинофестивалі «Шәкен жұлдыздары» Алматы кинофестивалімен бірлесіп

    24-30 қыркүйек ,

    Кинопарк «Досты қ Плаза»

    15

    «Auen fest» камералық жанрдағы дәстүрлі өнер фестивалі

    26-27 қыркүйек,

    Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы


    Источник: http://www.almaty.gov.kz/


    Похожие новости
  • Мүгедек балалар Алматыға тарту жасады
  • «Алматының 1000 жылдығы – 1000 қайырымды іс» акциясы аясында №194 негізгі о ...
  • «Мың тағдыр – бір Ел»
  • "Өнер мұражайы"
  • "Трамвайдан қорқамыз!"