Qazaqsha | Русский
Almaty qalasy mektepteri
» » Қазақстандық студенттер Кипрден жүлдемен оралды

Қазақстандық студенттер Кипрден жүлдемен оралды

Qosyldy: 04.10.16
Аvtor: admin
Rubrika: Aqparat
Pikirlerи (0)

Қазақстандық студенттер Кипрден жүлдемен оралдыС. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің түлектері Еуразияның сәулет-құрылыс және дизайнерлік мектептерінің VI халықаралық фестивалінен жеңіспен оралды.

Фестиваль Таяу Шығыс университетінде (Солтүстік Кипр, Лефкоша қ.) өтті.

Биылғы кәсіби мерекеге Қазақстан, Болгария, Түркия, Молдова және басқа да мемлекеттерден жиырмаға жуық жоғары оқу орындарының жас дизайнерлері мен сәулетшілері қатысты.

Павлодар мемлекеттік университетінің сәулетші, құрылысшы және дизайнерлерінің дипломдық жобалары бес номинация бойынша  сараланды.

Дипломдық жобалар байқауының қорытындысы бойынша С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің түлектері жүлделі орындарға ие болды.

Милена Айтнякованың «Ғимараттар мен құрылыстарды өндіру технологиясы» номинациясында бақ сынаған «Металл конструкцияларын өндіру зауыты, Қостанай қ.» дипломдық жобасы  (ғылыми жетекшісі техн.ғ.к., профессор Қуандық Сақанов) құрылыс мамандығы бойынша күміс жүлдеге лайықты деп танылды.

Денис Акининнің «Азаматтық ғимараттардың сәулеті» номинациясына қатысқан «Bright Tower сейсмикалық төзімді тұрғын үй кешені, Осака қ.» дипломдық жобасы (ғылыми жетекшісі техн.ғ.к., доцент Леонид Булыга) сәулет мамандығы бойынша үшінші орынды қанжығасына байлап келді.

«Еуразиялық кеңістіктегі сәулет-құрылыс мектептерінің шығармашылық қызығушылықтарын бір арнаға тоғыстыру, менің ойымша, өте дұрыс қадам. Бұл дәстүрлі фестивальде ПМУ студенттері университетіміздің намысын лайықты қорғап шықты. Олар басқа да байқаулардан жүлдесіз оралған емес», – дейді Л. Булыга.