Qazaqsha | Русский
Almaty qalasy mektepteri
» » Кинология орталығына саяхат

Кинология орталығына саяхат

Qosyldy: 06.10.16
Аvtor: admin
Rubrika: Aqparat
Pikirlerи (0)

Кинология орталығына саяхатКәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу аясында «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» КММ Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Наурызбай ауданы бойынша Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясымен Наурызбай ауаданы ІІБ ЖПҚ ЮПБ бірлесіп, ҚР ІІМ Кинология орталығына саяхат ұйымдастырылды.

Аудан аумағындағы мектепетерден 30-ға жуық оқушылары Кинология орталығына апарылып, сонымен қатар мектеп инспекторлары, Комиссия төрағасы аудан әкімінің орынбасары және Комиссия хатшысы арнайы қатысты.

Іс-шара барысында орталықтың нысандары көрсетіліп, балаларға оның тарихы туралы қызықты ақпарат ұсынылды.

Көптеген сөмкелердің арасынан арнайы иттердің есірткі заты бар сөмкені искеп табу іс-әрекеті балаларды таңқалдырды. Сондай-ақ, нұсқаушының ишарасына бағыну арқылы иттің отырғанын, жатқанын, жерде еңбектегенін көріп, оқушылар үлкен ой түйді.

Аталмыш іс-шараның мақсаты - балалардың үй жануарларына деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың, нашақорлықтың алдын-алу, жастар арасында қылмысты азайту, құқық бұзушылықтарға нөлдік төзбеушілік қағидасын қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құқықтық негіздерімен таныстыру болып табылды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі