Qazaqsha | Русский
Almaty qalasy mektepteri
» » Алатау ауданындағы №149 мектепте Медициналық сақтандыру жөнінде басқосу өтті

Алатау ауданындағы №149 мектепте Медициналық сақтандыру жөнінде басқосу өтті

Qosyldy: 13.10.16
Аvtor: admin
Rubrika: Aqparat
Pikirlerи (0)

Алатау ауданындағы №149 мектепте Медициналық сақтандыру жөнінде басқосу өттіАлатау ауданы аумағында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша ақпараттық-түсіндірмелік бағытындағы кездесу өтті. Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Маржан Балбаева ашып жүргізді. Басқосуға Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірілігі «медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті» директорының орынбасары Мұрат Мухамедяров, Алматы қалалық кардиологиялық орталығының бас дәрігері Алмат Қодасбаев және басқа да,  денсаулық сақтау саласының мамандары қатысты.

Медициналық сақтандыру әлемнің бірқатар елдерінде денсаулық сақтау жүйесінің ең тиімді моделі ретінде танылған. Ол азаматтарға максималды түрде медициналық көмекті алуға мүмкіндік береді.Қазіргі таңда, Европаның 16 елінде және Түркия, Жапония мемлекеттерінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүргізіледі. Соның салдарынан аталған мемлекеттерде медицина саласы жоғарғы деңгейде және өмір сүру жасының ұзақтығы да жоғары (80-85 жас). Жалпы аталмыш тақырып жөнінде Қазақстан Республикасы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бағытындағы ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстарын жүргізу жөніндегі құрылған штабтың мүшесі Құрал Қуракбаев баяндама оқыды.

 Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Бес институционалдық реформасын іске асырудың 100 нақты қадамы – Ұлт жоспарының 80-қадамында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу көзделген. Онда «Мемлекет, жұмыс беруші және азаматтың ынтымақтасқан жауапкершілігі қағидаты негізінде денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық орнықтылығын күшейту. Бастапқы медициналық-санитарлық көмекті басымдықпен қаржыландыру.» деп көрсетілген.

Осыған орай, бүгінде Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында аталған Ұлт жоспарды іске асыру бағытында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстары жүргізілуде. Жиналғандар жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша сөз қозғады. Жиын соңында жиналғандар мамандарға сұрақтар қойып, жауап алды.