Qazaqsha | Русский
Almaty qalasy mektepteri
» » Шөп үстінде хоккей бойынша турнир

Шөп үстінде хоккей бойынша турнир

Qosyldy: 21.10.16
Аvtor: admin
Rubrika: Aqparat
Pikirlerи (25)

Шөп үстінде хоккей бойынша турнир«Hockey World»  спорт кешенінде  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы және ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Владимир Алешеиннің 80–жылдығына орай,  Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алмалы ауданы әкімінің аппараты мен Спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп интернатының ұйымдастыруымен  шөп үстіндегі хоккей турнирі өтті. 
Ынтымақтаса жүргізілген матч қызықты да сәтті жалғасын тапты. Турнирдің соңында барлық қатысушылар естелік медальдар мен алғыс хаттарға ие болды.Турнир бұқаралық халықты салауатты өмір салтын ұстауға шақыру, олардың бойындағы отансүйгіштік, төзімділік пен табандылық қасиеттерін арттыру мақсатында  және шөп үстіндегі хоккей спорт түрін кеңінен көпшілікке тарату мақсатында ұйымдастырылды. 
Алматы қаласының ДШСБ «Спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп интернаты» МКҚМ Олимпиадалық және Азиялық ойындарына, дүниежүзілік, халықаралық турнирлерге қатысатын спортшыларды дайындайтын, Қазақстан мен басқа да көп елге әйгілі өзінің 35-жылдық салтанатты тарихы бар спорттық мектеп.