Qazaqsha | Русский
Almaty qalasy mektepteri
» » Мұғалімдер арасында волейболдан турнир өтті

Мұғалімдер арасында волейболдан турнир өтті

Qosyldy: 04.11.16
Аvtor: admin
Rubrika: Aqparat
Pikirlerи (1)
 Елбасымыз Н.Ə. Назарбаевтың "Қазақстан 2030" стратегиялық даму бағдарламасында "Салауатты өмір салтын ынталандыру əрқайсымыздың дене тəрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткі, темекі және алкоголь ішімдігін пайдаланбау керек  деген еді.03.11.2016 жылы Алматы қаласы, Бостандық ауданы №40 жалпы білім беретін мектеп қабырғасында «Нұр Отан» партиясы Бостандық ауданы филиалы және аудандық Кәсіподақ ұйымының қолдауымен Қазақстан Республикасының Тəуелсіздігінің  25 жылдығына арналған аудан мектептер мен лицей ұстаздары арасында волейболдан турнир өтті.   

 Аталған спорттық  шараға Бостандық ауданы "Нұр Отан" партиясы филиалының төрағасының бірінші орынбасары Баймұрат Мұратханұлы Жамбылов, "Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы" ЖШС "дəрігерлік-денешынықтыру" бөлімінің маманы Рахия КеңесбекқызыИскакова жəне аудандық "Ұстаз" кəсіподағының төрайымы Гүлнара Бектасынқызы Ахметбаева, аталған мектеп басшылығы қатысты.

Спорттық сайыста ауданның 8 мектептерінен 56 мұғалімнен құралған  6 команда  арасында  шымырлық, жылдамдық пен ептілік күші сыналды.  


  

  Шараны алғы сөзімен ашып, споршыларға сәттілік тілеген«Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалының бірінші орынбасары Баймұрат Мұратханұлы: «Ұстаздар арасындағы жеңімпазды анықтау емес, олардың уақыттарын тиімді пайдаланып, бос уақыттарын әрдайым салауатты өмір салтын насихаттау барысында әр түрлі іс-шаралар өткізу. Соның бірі міне бүгінгі - шара. Жалпы бұл енді волейболмен шектеліп қалмайды, спорттың әр түрлі салаларынан осындай жарыстар ұйымдастыру алдағы жоспарымызда да бар»,-деп айтып өтті. Бесплатная онлайн библиотека LitRec.net читать книги  

  

   Жарысқортынды бойынша  келесі командалар жеңімпаз атанды:

  


  

 

  


  

          1-орын  -  №93 жалпы білім беретін мектеп командасы алды.

  


  

          2-орын  -№146 мектеп-лицей командасы, 

  


  

          3-орын  -  №145 жалпы білім беретін мектеп командасы қол жеткізді.

  

Жеңімпаз командаларға  бағалы сыйлықтар мен кубоктар табыс етілді.

  


  

Ал спорттық бәсекеге қатысқан барлық командалар түрлі номинациялар бойынша марапатталды. 

  


  

 

  


 Шараның негізгі мақсаты: ұрпаққа саналы тəрбие беретін ұстаздарды да дене шынықтыру жəне спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, ұстаздар арасында волейбол ойынын дамыту жəне салауатты өмір салтын насихаттау,ұстаздар арасында көшбасшылықты кеңейту, қабілеті бар спортшы мұғалім волейболшыларды анықтап, оларды əрі қарай оқушыларға насихаттау; волейбол ойынына қызығушылығын арттыру жəне сүйікті спорт түріне айналдыру.
 Ақпарат көзі: http://bostandyk.almaty.kz/news/04-11-2016turnir-po-voleybolu-sredi-uchiteley/