dle
alschool
Школы Алматы » Информация » Алмалы ауданында "Халқының ұлы тұлғасы" атты көрме ұйымдастырылды
Школы Алматы » Информация » Алмалы ауданында "Халқының ұлы тұлғасы" атты көрме ұйымдастырылды

    Алмалы ауданында "Халқының ұлы тұлғасы" атты көрме ұйымдастырылды


    Алмалы ауданында "Халқының ұлы тұлғасы" атты көрме ұйымдастырылды№30 Балалар кітапханасының ұйымдастыруымен  қаламыздың жалпы білім беретін мектептердің және ауданның 5-сынып жетекшілері және оқушыларының  қатысуымен, Қонаев Дінмұхамед Ахметұлының туғанына - 105 жыл толуына байланысты, «Заманының заңғар тұлғасы» атты әңгіме- көрме өткізілді. Оқушыларға, Қазақстанның аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО шет ел ордендері мен медальдарының иегері, Қонаев Дінмұхамед Ахметұлының халқына жасаған еңбектерімен таныстырылды. Қазақ жерінің барлық аймақтарында  білім және мәдени ошақтар ашықанын, тұрғын үйлер тұрғызылып, әлеуметтік нысандар салғанын, шаруашылығына тигізен пайдасын айтып, кітап көрмесіне шолу жасап, мұражайын көрсетіп, өмір баянымен таныстырылды. Аты аңызға айналған тұлға Дінмұхаммед Ахметұлының өмірден өтсе де оның еңбектері бүгінде халық игіліне қызмет етіп отыр. Қазақстан тарихында есімі алтын әріптермен жазылған Дінмұхаммед Ахметұлы қазақ елінің дамып, көркеюіне үлкен үлес қосып, халық есінде кемеңгер тұлға ретінде мәңгілікке сақталады.


    Похожие новости
  • Алматы қаласы Білім басқармасының «№188 жалпы білім беретін мектеп» коммуна ...
  • Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаев ұстаздарды кәсіби мерек ...
  • Мектеп және колледж оқушыларының арасында қазақ күресінен жарыс өтті
  • Алматы әкімі Б.Байбек оқушыларды Білім күнімен құттықтады
  • «Мың тағдыр – бір Ел»