alschool
» » Универсиада-2017 Жабылу салтанаты туралы толық ақпарат белгілі болды
» » Универсиада-2017 Жабылу салтанаты туралы толық ақпарат белгілі болды

    Универсиада-2017 Жабылу салтанаты туралы толық ақпарат белгілі болды


    Универсиада-2017 Жабылу салтанаты туралы толық ақпарат белгілі болды2017 жылғы Универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі дирекция басшысы Наиль Нуров Алматыдағы Қысқы ойындардың жабылу салтанатында көрермендерді нендей қызықтар күтіп тұрғаны жөнінде айтып берді.
    - Қазір кеңінен дайындық жүргізіліп, репециялар өткізілуде, - деп атап өтті Наиль Нуров. – Ашылу салтанаты Универсиаданың ең айтулы әрі басты оқиғаларына айналғаны сөзсіз. Біз қонақтармен, спортшылармен, бапкерлермен, делегаттармен тілдесіп отырамыз, олар жоғары бағасын беріп, жылы лебіздерін білдіруде. Қазір жабылу салтанатына үлкен назар аударылып отырғаны да орынды. Өте керемет, думанды мерекені дайындап жатырмыз. Ол көбіне-көп спортшыларға бағытталған спорт мерекесі болады деп бірден айтып қояйын. Хаттамалық бөлім өте мазмұнды өтпек. Сондай-ақ, баспасөз мәжілісі кезінде ашылу салтанатына қарағанда Ойындардың жабылу салтанатының уақыты айтарлықтай қысқа болатыны жайында айтылды. Салтанат 1,5 сағатқа созылмақ.
    - Алда келе жатқан Салтанаттың өткізілу барысы туралы құпияның шетін шығарып айтайын. Келесі Ойындарды қабылдайтын Красноярск қаласының дайындап отырған бас белгісі іс-шараның ең қызықты сәттерінің біріне айналмақ. Красноярсктың үлкен делегациясы құрамында қала басшылығы және үлкен шығармашылық топ келмек.
    Ұйымдастырушылар Ойындар жабылатын күні қаланың көлік жүйесі өзгерістерге ұшырайтынын да баса атап өтті.
    - Кешке қарай кейбір көшелер жабылады. Салтанат жұмыс күніне түсіп отырғандықтан, қала тұрғындарынан жол кептелісіне тұрып қалмау үшін жеке көлікті қолдануды шектеп, жұмысымызды жеңілдетсеңіздер деп өтінеміз. Бұл Универсиаданың соңғы күні болғандықтан, ойындарды жоғары деңгейде аяқтап, тек жақсы әсер қалдырғымыз келеді.
    Студенттік ойындардың жабылу салтанаты 8 ақпан күні сағат 19:00-де «Алматы Аренада» өтеді. Ашылу салтанаты кезіндегідей, көрермендер Орталық стадион және ҚБТУ алаңында жиналып, нысанға жеткізілетін болады.


    Похожие новости
  • Түркісіб ауданының МКҚК №149 бөбекжай-балабақшасында «Спорт-жан серігі» атты ұжым аралық спорттық сайыс ойыны өтті
  • Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды жаңа 2017 жылмен құттықтады.
  • Авиамоделдік спорт-2016 аумақтық біріншілігі
  • «Діни экстремизмнің алдын алу» №192 мектепте
  • Нұрсұлтан Назарбаев таудағы «Медеу» спорт кешеніне барды

Фото новости
Событие дня
Новые статьи
15 январь Достижения учащихся КГУ "Школа- лицей №28 им.М.Маметовой " за первое полугодие 2018-2019

25 декабрь В школе-лецей №131 имени Б.Момышұлы прошло праздничное мероприятие в честь 108 летия

12 декабрь В КГУ ОШ № 142 в предверии празднования Дня Незивисимости Республики Казахстан во всех

10 декабрь КГУ ОШ №142 -Информация о проведенных мероприятиях за 10 декабря 2018 года

10 декабрь в школе-лицее №131 имени Б.Момышұлы в рамках акции «Медеуский район без наркотиков!»

06 декабрь Информация о проведённом родительском собрании по КГУ ОШ № 142

06 декабрь 5 декабря в школе – лицее №28 им.М.Маметовой прошла встреча с писателем

01 декабрь В преддверии Дня Первого Президента Казахстана в лицее №28 им.М.Маметовой прошло

29 ноябрь День Первого Президента -КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой»

28 ноябрь 27 қараша күні №32 Жалпы білім беретін мектепте «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы

Топ новости