Алматы қаласы Білім басқармасының «№7 Оқушылар үйі» МКҚК ұйымдастыруымен «XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиада - 2017» іс- шарасы аясында «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойынынан мектеп оқушылары арасында жекелей командалық ашық турнир өтті.
Оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеп, ой-өрісін, спорттық шеберлік пен зияткерлік қабілеттерін арттыру мақсатында өткізілген ашық турнирге Алматы қаласынан №84 ЖББ мектеп командасы, №148 ЖББ мектептен 2 команда, Алматы облысы, Іле ауданына қарасты «Ащыбұлақ» ауылынан № 19 орта мектеп командасы, «Ынтымақ» ауылы №30 мектептен 2 команда, Талғар ауданы «Белбұлақ» ауылынан №32 мектеп пен «Талдыбұлақ» ауылдық №34 мектеп оқушыларынан құралған 1 команда қатысты.
Жеңімпаздарды анықтау «Қазақстан Республикасы спорт істері» комитеті бекіткен ережеге сәйкес жүргізілді. Жарысқа «№7 Оқушылар үйі» МКҚК «Тоғызқұмалақ» үйірмесінің жетекшісі, бас төреші Бибеков Еркебұлан мен Алматы қаласының бас жаттықтырушысы Қыдырбаев Әлімжан төрешілік етті.
Командалық ашық турнир қорытындысы бойынша жалпы командалар арасынан І орын алған №84 ЖББ мектеп командасы арнайы кубок және мақтау қағазымен, ІІ орын алған Іле ауданы №30 орта мектеп командасы кубок және мақтау қағазымен, ІІІ орын алған Жетісу ауданы №148 мектеп – гимназия командасы кубок және мақтау қағазымен марапатталды.
VI тақта бойынша бақ сынасқан үміткерлер төмендегідей орындарды еншіледі. Іле ауданы №30 орта мектеп оқушысы Батыр Ернұр І тақта
І орын, №84 ЖББ мектеп оқушысы Ғалымжанұлы Дәулет І тақта ІІ орын, №148 мектеп – гимназия оқушысы Жұмабек Асылхан І тақта ІІІ орын, №84 ЖББ мектеп оқушысы Мұхаметкәрім Еламан ІІ тақта І орын, Іле ауданы № 19 орта мектеп оқушысы Айтбаев Асланбек, ІІ тақта ІІ орын, №148 мектеп – гимназия оқушысы Амирайл Абылай ІІ тақта ІІІ орын, Серикпекова Тұмар № 19 орта мектеп оқушысы ІІІ тақта І орын, №30 орта мектеп оқушысы Өтегенова Аяулым ІІІ тақта ІІ орын, №148 мектеп – гимназия оқушысы Бақталы Ақжүрек ІІІ тақта ІІІ орын, №148 мектеп – гимназия оқушысы Атабаева Жансая IV тақта І орын , №30 орта мектеп оқушысы Фазылова Аружан IV тақта ІІ орын, №84 ЖББ мектеп оқушысы Тұрсынәлі Ақерке IV тақта ІІІ орын, №84 ЖББ мектеп оқушысы Асанханова Амина V тақта І орын , №148 мектеп – гимназия оқушысы Қыпшақбаев Әлібек V тақта ІІ орын , №30 орта мектеп оқушысы Мәнжу Айжан V тақта ІІІ орын, №30 орта мектеп оқушысы Туғанбай Аружан
VI тақта І орын, №30 орта мектеп оқушысы Алимахун Дильназ VI тақта
ІІ орын, №148 мектеп – гимназия оқушысы Есімхан Аяулым VI тақта ІІІ орын алғаны үшін медаль және арнайы мақтау қағазымен марапатталды.
Қазақ халқының ұлттық ойыны тоғызқұмалаққа деген қызығушылықтары өте жоғары жас таланттардың болашағынан күтер үмітіміз мол. Жеңімпаздарымызға толағай табыстар тілейміз!
Сегодня 25.12.2018 г. в рамках программы Елбасы Н.Ә. Назарбаева «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» и акции акима
В КГУ ОШ № 142 в предверии празднования Дня Незивисимости Республики Казахстан во всех классах прошли тематические
10 декабря 2018 года в школе была проведена школьная линейка среди учащихся 8- 11 классов для чествования победителей и
Сегодня 10 декабря 2018 года в школе-лицее №131 имени Б.Момышұлы в рамках акции «Медеуский район без наркотиков!»
В основу инклюзивного образования положена идеология, которая исключает любую дискриминацию детей, которая обеспечивает
В преддверии празднования Дня Независимости 5 декабря в школе – лицее №28 им.М.Маметовой прошла встреча с писателем,
В преддверии Дня Первого Президента Казахстана в лицее №28 им.М.Маметовой прошло знаменательное событие. Ученики пятых
В преддверии всенародного праздника 1 декабря – Дня Первого Президента Казахстана я как классный руководитель 6 «В»
27 қараша күні №32 Жалпы білім беретін мектепте «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы жаңашылдық, білім сапасын
2018 жылы қараша айында қалалық Қасыл Қатықбаева атындағы «Ұстаз мәртебесі – ұлт мерейі» атты байқау өтті. Байқаудың