Qazaqsha | Русский
Школы города Алматы
» » 15. 05. 2019 ж күні № 156 мектепте жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өткізілді.

15. 05. 2019 ж күні № 156 мектепте жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өткізілді.

Qosyldy: 16.05.19
Аvtor: admin2
Pikirlerи (0)

Мектебімізде 15. 05. 2019 ж күні жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өткізілді. Мектеп директоры Ахметова Гульнара Мамбетовна 15 мамыр отбасы күнімен ата-аналарды, мектеп ұжымын құттықтап, жиналыстың мақсатымен таныстырды. Мектепте атқарылған оқу-тәрбие жұмысын қорытындылап ата-аналарға, ұстаздарға өз алғысын білдірді. 2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында Білім беруді және ғылымды дамыту бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктеріне тоқталып, көпбалалы азқамтылған ата-аналарға мемлекет тарапыннан беріліп жатқан көмектерді мектеп асханасынан күніне бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылып жатқаны, үздік оқушыларға бөлінген стипендияны аттап өтті. Сонымен қатар бала тәрбиесіне байланысты мектеп психолгтары Джангурбаева Индира, Нағашыбай Нұржайна, Жақыпжан Сабина видео роликтер көрсетіп ата-аналармен трениг жүргізді. ДТІЖО-ы Ашимбаева Салтанат, Мустафинова Гаухар, Жабаева Майгуль баяндамасын оқыды. Жиналысқа келген ата-аналар мектеп ұстаздарына өз алғыстарын білдірді.