Qazaqsha | Русский
Школы города Алматы
» » «102 ЖББМ» КММ-де кең көлемде өткен «Білімді ұлт – білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы» атты жалпыұлттық ата-аналар жиналысы

«102 ЖББМ» КММ-де кең көлемде өткен «Білімді ұлт – білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы» атты жалпыұлттық ата-аналар жиналысы

Qosyldy: 16.05.19
Аvtor: admin2
Pikirlerи (0)

«102 ЖББМ» КММ-де кең көлемде өткен «Білімді ұлт – білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы» атты жалпыұлттық ата-аналар жиналысы.

15 мамыр Алматы қаласы Жетісу ауданында жайғасқан «№102 ЖББМ» КММ-де Отбасы күніне орай «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Білімді ұлт – білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы» атты жалпыұлттық ата-аналар жиналысын өткізілді. Жалпыұлттық ата-аналардың жиналысының  әр отбасы үшін маңызы орасан зор. Себебі ата-аналар жаппай мектептерге келіп, балаларының сынып жетекшілерімен, мұғалімдерімен, мектеп басшылығымен сөйлесіп, пікір алмасты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев заман талабына сай, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психологиясы қалыптасқан, имандылық әдебі, парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру бүгінгі отбасының, балабақшаның, мектептің, барша елдің міндеті екендігін айтады. Сондықтан да, жалпыұлттық ата-аналар жиналысының көздеген басты мақсаты – мемлекеттік білім беру саясатының бағыттары мен осы оқу жылындағы мектебіміздің жетістіктері туралы хабардар ету, әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру, баланың жақсы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыруға және білім беру мазмұнын жаңарту бойынша жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатты талқылауға ата-аналар қауымын кірістіру.

            Жиналысты мектеп диреторы Кержикеева Данагуль Рысбаевна дәстүрге айналған жалпыұлтық ата-аналар жиналысының мақсатымен таныстырып, концепциясымен бастады.










 

Келесі кезекте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Асылбекова Сауле Райымбековна ата-аналарды 9-11 сыныптарда болатын қорытынды аттестация күндерімен, оған оқушылардың дайындығы және ЕНТ барысындағы жүріп жатқан жұмыстар нәтижесімен таныстырды. 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен мектеп психологтары балалардың отбасындағы қауіпсіздігі, интернет желісіндегі қауіпсіздігі мәселелері жайында түсінік беріп, видео матералдар қаралап, талданды.


Мектебіміздің белсенді ата-аналары «Тәрбие және Білім» бағдарламасының бала тәрбиесіндегі өзектілігі жайында айтты. «Өлкетану», «Отаным – тағдырым», «Саналы азамат», «Кітап- білім бұлағы» бағыттарының басты мақсаттары мен осы бағыттар бойынша мектебімізде жүргізілген жұмыстар есебімен бөлісті.

Баланың алғашқы тәрбиешісі – ата-анасы, бала әке-шешесінің үлгісінде тәрбиеленеді,  мектеп, ата-ана, ұстаз болып ұрпағымыздың ел тізгінін  ұстайтындай азамат болып өсуіне ықпал етейік. Отбасы – тәрбие көзі, мектеп оны шыңдаушы. «Тәрбиесіз берілген білім – тұл» деп ұлы ғұлама Әл-Фараби атап көрсеткендей, білімді ұрпақ тәрбиелеудің ата-ана мен мектептің тығыз байланысында өтуі биік нәтижеге жеткізеді.
 
 



ДТІЖО: Ауэлбекова Г.У.